Без рубрики

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА АСЫҒАЙЫҚ

Республикалық “Мектепке жол” акциясы аясында Шал ақын ауданындағы Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің ұжымы балаларды жаппай оқумен қамту бағытында шаралар ұйымдастырып, әңгімелер өткізді. Мектеп ұжымы, Жаңажол ауылдық округінің әкімдігі ауылымыздағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының балаларын киім-кешекпен, оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті.

“Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” дегендей, ауылымыздағы “Досжан ата” мешітінің қызметкерлері де мектептің төрт оқушысына көмек қолдарын созып, құрал-жабдықтар алуға көмектесті. Бұл игілікті істен Жұмаш Хамзин, Бағдат Тасбаев сынды ауылдың кәсіпкерлері де шет қалған жоқ. Жалпы, “Мектепке жол” акциясы аясында он бір оқушыға сексен мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.  

“Үлкеннің мыңын қуантқанша, баланың бірін қуант” деген емес пе?! Көп болып жұмылған игі істің қайтарымы мол боларына сенім зор.

Әйгерім НҰРТАЗИНА,

Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің әлеуметтік ұстазы.

Шал ақын ауданы.

Добавить комментарий