Без рубрики

ОҚУДАН ҚАШҚАҚТАҒАНДАР “ҚҰТЫЛМАЙДЫ”

Жыл басынан бері ювеналды полицейлер жалпыға міндетті білім беру аясындағы жұмысты жандандырды. Облыстық білім беру басқармасы қызметкерлерімен тізе қосқан тәртіп сақшылары оқудан қашқақтаған оқушыларды мектепке қайтару үшін барлық шараларды қолға алуда.

Егер оқушы сабақты 10 күннен астам уақыт бойы немесе 60 оқу сағатын орынсыз босатса, ол турасындағы ақпарат кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторға және әкімдік қызметкерлеріне жіберіледі. Оқу жылы басталған уақыттан бері 25 күннің ішінде оқуға бармай жүрген осындай 6 оқушы ішкі істер органдарының есебіне қойылды.

Баланың сабақты босатқанына бірінші кезекте ата-ана жауапты. Оқушы баласына көңіл бөлмей, немкеттілікке жол берген ересектерге 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынатын болады.

Облыс полицейлері қыркүйек айының 25-інен бастап “Балалар түнгі қалада” атты жедел-алдын алу шарасын да өткізуде.

Ольга ШИЯН

Добавить комментарий