Без рубрики

ЖАСТАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

2013 жылдан бастап елімізде отандық мемлекеттік қызметтің жаңа моделі жүзеге асырыла бастады. Осы тұрғыда “Мемлекеттік қызмет туралы” заңға түбегейлі өзгерістер енгізілді. Соның бірі – тәлімгерлік және іс-тәжірибе институты. Бұл ретте білімі мен біліктілігі мол кәсіби қызметкерлер жұмысқа енді қабылданған жастарға тәлімгер ретінде бекітіліп берілуде. Одан бөлек кәсіби біліктілікті арттыру үшін мемлекеттік қызметке енді орналасқандар мен кадрлар резервінде тұрғандар мамандықтары бойынша тәжірибеден де өтеді. Ол үшін арнайы және қайта даярлау курстары жұмыс істеуде.

Жоғары білімі бар, алайда еңбек өтілі жоқ жас мамандар кәсіби біліктілік талаптарына байланысты әкімшілік-мемлекеттік органдарда бас және жетекші мамандар, еңбек өтілі жоқ, бірақ орта білімі барлары жетекші маман қызметіне үміткер бола алады.

Әкімшілік — мемлекеттік қызметтегі лауазымды орынға тұру конкурсына қатысу үшін өтініш берушінің қолында заңнамаларды білу жайында тест тапсырғандығы және одан неше ұпай жинағандығы көрсетілген сертификат болуы қажет. Ол құжаттың берілген күнінен бастап жарамдылық мерзімі – бір жыл.

Ал тестілеуге қатысуға ниеттенген кандидаттар алдымен “Электрондық үкімет” веб-порталына өтініш берулері керек. Оны үміткерлер, сондай-ақ, жеке бастарының куәліктерімен халыққа қызмет көрсету орталықтары, уәкілетті органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері арқылы да жүзеге асыра алады.

Тестілеуге қандай құжаттар өткізу керектігі жайлы қосымша ақпараттар мен кеңестерді уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінен

8 (7152) 50-18-21 байланыс телефондары арқылы да алуға болады.

Бақыт АРЫҚБАЕВ,

облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

департаменттің кеңесші-инспекторы.

Добавить комментарий