Без рубрики

АЯЗ АТА ЖҮЛДЕСІ ҮШІН БЕЛДЕСТІ

Облыс орталығында Аяз ата жүлдесі үшін грек-рим күресінен турнир өтті. Сайысқа Қызылжар өңірі спорт мектептерінің және Ресей Федерациясының Петухово мен Макушино қалаларынан ат терлетіп келген 120-дан астам спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 2002-2005 жылдары туған спортшылар арасында Әлішер Бейісов (21 кг., “Күрес” БЖСМ), Хамид Набиев (24 кг., “Күрес” БЖСМ), Игорь Семиков (27 кг., Макушино қ.), Андрей Пилипенко (30 кг., “Жеңiс” МОРБЖМ), Давид Звягинцев (33 кг., Мамлют ауданы), Диас Балапан (36 кг., Есіл ауданы), Андрей Батечков (39 кг., Петухово қ.), Аблан Сейпиев (42 кг., “Күрес” БЖСМ), Денис Пилипенко (47 кг., “Жеңiс” МОРБЖМ), Алмас Оразалиев (53 кг., “Жеңiс” МОРБЖМ) және Родион Искожин (+53 кг., “Жеңiс” МОРБЖМ) жеңімпаз атанды.

(Өз тілшімізден.)

Добавить комментарий