Без рубрики

ОМБЫДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Ресейдің Омбы қаласында жеңілатлетшілердің Бүкілресейлік жарысы болып өтті. Оған біздің өңіріміздің де спортшылары қатысып қайтты.

Айыртау ауданының орталығы – Саумалкөл ауылында Виктор Винокуровтың баптауымен жаттығып жүрген жасөспірім Максим Исаев ядроны 14 метр 72 сантиметр қашықтыққа лақтырып, бірінші орын алса, кедергілермен 60 метрге жүгіруде 8,25 секунд уақыт көрсетіп, тағы да бас жүлдені еншіледі. Ал ерлер арасында сынға түскен петропавлдық Александр Викторенко 60 метр жарыс жолында 6,89 уақытпен бірінші орынды өзге қарсыластарына бұйыртпады.

Добавить комментарий