Без рубрики

ЕСЕПТЕГІШ ОРНАТПАҒАНДАРДЫҢ ЕСЕСІ КЕТЕДІ

Жылу қуатының есептегіш құралдарын орнату қуат үнемі жөніндегі мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-нің бүгінгі кезекті міндеттерінің бірі тұрғындар мен жұртшылықтың арасында қуат және ресурс үнемінің өзектілігін насихаттау болса, бұл жұмыс сонымен бірге жалпыүйлік жылу қуатын есептегіш құралдарды орнату арқылы да көрініс табады.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі №272-1 “Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы” Заңының 11-бабының 2-тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісінің қызметтерін тұтынушылар жасалған келісімшарттарға сәйкес реттелетін коммуналдық қызметтердің есептегіш құралдарын сатып алу және орнату үшін уақтылы да толық төлем жасауға міндетті және 4-тармақшасында табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін тұтынушыларда реттелетін коммуналдық қызметтердің есептегіш құралдары болуы міндеттілігі айқындалған. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі №712 қаулысымен бекітілген Жылу қуатын пайдалану ережесінің №2 бөлімі, 22-тармағына сәйкес, тұтынылған жылу қуаты үшін есеп айырысуды тұтынушы, егер келісімшартта басқадай жайт қарастырылмаған болса, есептегіш құралдарының көрсеткіштері негізінде жүзеге асырады.

Одан басқа, 2012 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР-ның 2012 жылғы 13 қаңтардағы №541-ІV “Қуат үнемі және қуат тиімділігін арттыру туралы” Заңының 8-бабындағы 4-тармағы күшіне енген, оған сәйкес тұтынушылар жылу қуатын есептегіш құралдарының (ЖҚЕҚ) болуына немесе болмауына байланысты жылу қуатын жіктелген тарифтер бойынша төлеуге тиісті болады. Сөйтіп, ЖҚЕҚ-ы жоқтар жылу қуаты үшін жоғарырақ тариф бойынша төлем жасайды, атап айтқанда, мұндай құралдары бар үйлердегіден 20 пайызға артық шығынданады. Аталмыш норма жылу қуатының есептегіш құралдарын орнату үшін экономикалық ынталандыру жасауға мүмкіндік береді.

Жылу қуатының есептегіш құралын орнату жылу қуатын тиімді пайдалану мақсатында қажет және мыналарға мүмкіндік береді:

– қуатпен жабдықтаушы ұйымның және жылу қуатын пайдаланушылардың арасында өзара қаржылық есеп айырысулар жасауға;

– отбасы бюджетін үнемдеуге;

– жылу тұтыну жүйесінің жылу және гидравликалық жұмыс режімдеріне бақылау жасауға;

– жылу қуатын тиімді пайдаланудың бақылауын жүргізуге;

– жылу жеткізу параметрлерін: көлемін, жұмсалуын, қызуы мен қысымын құжаттауға.

Есептегіш құралдары қойылған үйлер бойынша әр шаршы метрі үшін тарифтің 56-60,05 теңге аралығындағы оң ырғағын атап өтуге тұрады, өйткені есептегіш құралы жоқ тариф 81,27 теңгені құрайды.

Сөйтіп, жылу қуатының есептегіш құралдарын орнату тұтынушыларға жылу мен ыстық судың төлемдерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, ең бастысы – есептегіш құралы бойынша есеп айырысу нақтылы тұтынылған жылу қуатының көрсеткіштерімен жүргізіледі. Төлемдердің төмендеуінің тағы бір сөз етерліктей факторы – жылыту жүйесін қарапайым тәртіпке келтіру болып табылады. Көбінесе жылу тұтынушысы өзінің жылумен қамтамасыз ету жүйесіндегі айтарлықтай ақаудан ағып жатқанын біле бермейді. Құралдар көрсеткіші жүйедегі көзге түспейтін ақаулардың бәрін көрсетеді және оларды түзетуге көмектеседі.

2013 жылғы 10 қыркүйектегі дерек бойынша, Петропавл қаласындағы көпқабатты үйлерде барлығы 230 есептегіш құрал қойылған. Қазірде жылу есептегіштерін орнату қажеттілігі 595 бірлікті құрайды.

Жалпыүйлік жылу қуатының есептегіш құралын орнату үшін мыналардың қажеттігін еске саламыз:

1. Пәтер иелерінің жалпы жиналысын өткізу.

2. Қуат беруші ұйымға техникалық шарттарына өтініш беру.

3. ЖҚЕҚ орнату жөніндегі мамандандырылған ұйымға таңдау жасау.

4. ЖҚЕҚ орнатуға құрал-жабдықтар таңдау, жобаны жасау және оған келісімдер алу.

5. ЖҚЕҚ-ға монтаж жүргізу және іске қосу.

Жеке пәтер үшін төлем көлемі тұрғын үйдегі алатын оның жалпы көлеміне шақталып, жалпыүйлік есептегіш құралын сатып алу мен орнату құнының соған сәйкес үлесінде есептеледі.

Мысалы, жалпы алаңы 2750 шаршы метр 60-пәтерлік тұрғын үйде жалпыүйлік 40 мм. диаметрлік жылу есептегіш құралын сатып алу мен орнату құны 504 522 теңге тұрады. Яғни, 1 шаршы метрге төлем көлемі 183,46 теңгені құрайды. Пәтер алаңы 50 шаршы метрді құраған жағдайда, оның есептегіш құрал орнатуға шығатын шығыны – 9 173 теңге. Қызмет тұтынушылары үшін аталмыш шығындардың төлемінде 12 айға дейін кейінде есеп айырысуға болады, бұл жағдайда 1 шаршы метрдің төлемі 15,29 теңгені құрайды.

Алаңы үлкен тұрғын үйлерде 1 шаршы метрдің төлемі сәл төменірек болады. Мысалы, жалпы алаңы 5353,30 шаршы метр тұрғын үйде диаметрі 88 мм. жалпыүйлік жылу есептегіш құралын сатып алу мен орнату құны 833 043 теңге тұратын болса, 1 шаршы метрінің төлемі 155,61 теңге, ал 12 айға созып есеп айырысумен есептегенде 12,97 теңгені құрайды.

“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс бөлімі.

Добавить комментарий