Без рубрики

БУЛАЕВОДА МҰНАЙ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

Елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынбақ. Кәсіпорын Солтүстік Қазақстан облысы аумағында тұрғызылмақшы. Алайда, бұл бастаманың тиімділігіне “Самұрық- Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры сенімсіздік білдірген болатын. Ондағылардың пікірінше, солтүстікке мұнай қорын алыстан тасымалдап, зауыт салу қисынсыз.

Облыс әкімі Серік Біләлов, “Казэнергорегион” инвестициялық компаниясының делегациясы мен шетелдік компания өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте мұнай өңдеу зауытын салудың кешенді жоспары қарастырылды. Оның бастапқыдағы өнім өндіру қуаттылығы 6 млн. тонна болмақ. Кәсіпорынды Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында салу жоспарланған. Инвесторлар Қытайдан, Қазақстаннан және Словениядан тартылмақ. “Солтүстік” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жанындағы Инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры Амантай Жүсіповтің айтуынша, жобаның құны 2,4 миллиард АҚШ доллары шамасында. “Акционерлер бірігіп жұмыс атқарамыз. “Солтүстік” кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан жер телімі бөлініп, инженерлік коммуникациялар тартылады. Ал құрылыс жағын инвесторлар өз мойнына алады. Инвесторлар альянсы құрылып, бірлескен жоба болады”, – деді А.Ж

Добавить комментарий