Без рубрики

ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШТАСҚАНДАР АРАСЫНДА екі басшы бар

Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде өткен брифингте қаржы полицейлерінің аттестаттаудан өту қорытындысы жарияланды.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Қаржы полициясы органдарының кадрлық құрамын қоғамның талаптарына сай өзінің қызметтік міндеттеріне лайық атқаратын қызметкерлерден қалыптастыруды көздеген аттестаттауға барлығы 140 қызметкер қатысқан. Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Ермекбай Қожахметовтің айтуынша, жоғары аттестаттау комиссиясының сынағынан 4 басшының екеуі өте алмай, қызметтерімен қоштасқан. Орталық аттестаттау комиссиясында бақ сынаған 15 лауазымды тұлғаның біреуінің қызметі төмендетілді. Өңірлік аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша 100 қызметкер өз лауазымдарына сәйкес деп танылды. 7 адам кадрлық резервке енгізуге немесе жоғары лауазымдарға тағайындалуға ұсынылды. 5-еуі лауазымдарына сәйкес емес, сондықтан олардың қызметі төмендетілген. 3 қызметші басқа лауазымдарға ауыстырылып, 6 адам жұмыстан шығарылды.

Кадрлық резервке енгізілген 7 мемлекеттік қызметшінің 5-еуі бүгінде жоғары лауазымдарға тағайындалып, қызмет етуде.

Добавить комментарий