Без рубрики

МЕКТЕБІМІЗ ШЕТ ҚАЛМАДЫ

Айнаш РАМАЗАНОВА,

қазақ мектеп-гимназиясының мұражай меңгерушісі.

Қазақ мектеп-гимназиясында Тұңғыш Президент күніне орай айлық жоспар құрылып, біршама жұмыстар атқарылды.

1 қарашада Тұңғыш Президентке арналған мұражай экспозициясы ашылды. 1-15 қараша аралығында “Елі сүйген Елбасы” атты үш тілде шығармалар байқауы өткізілді. “Жарқын болашаққа бастаған Ұлт Көшбасшысы” атты ақындар байқауы да осы мерекеге арналды. Тарих пәндерінің мұғалімдері қала мектептері арасында “Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы: еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алатын орны және рөлі” тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. “Біз Президентімізді мақтан тұтамыз!” бірыңғай сынып сағаттарында оқушыларды Елбасымыздың игі істерімен таныстыру көзделді. “Тұңғыш Президент саясаты – гүлдену мен дамудың кепілі” атты ардагерлер сағаты сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өтпекші.

Атқарылған іс-шаралардың бәріне қазақ мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен ұстаздар қауымы белсене қатысты. Алғаш аталып өткелі отырған бұл күн тарихымызда ойып орын алатын мерекелердің бірі болары сөзсіз.

Петропавл қаласы.

Добавить комментарий