Без рубрики

ТАУДАҒЫ ТАҢ”

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ. 

Барады шың басына таялып нұр,
Таң келіп, тау мұнарға
боянып тұр.
Қалғыған түні бойы
алып шыңдар,
Маужырап, таңмен бірге
оянып тұр.

Тарқайды Күн лебімен
мұнар анық,
Ән салар шың басынан
бұлақ ағып.
Көз алмай сұлулықтан қаласың-ау,
Осы сәт таң-тамаша
тұра қалып…

Суретті салған Али ГУСЕЙНОВ.

Добавить комментарий