Без рубрики

СИНГАПУРДАН ҮЙРЕНГЕНІМІЗ КӨП

Бейімбет БҰҒАСОВ,
“Есіл аграрлық-техникалық институты” КЕ АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Білім және ғылым министрлігі мен “Кәсіпқор” холдингі Сингапурда техникалық және кәсіптік білім жүйесін дамыту бойынша бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыру мақсатында мамандарды оқытуды ұйымдастырады. Жуырда Қазақстан оқу орындары басшылары тобының кезекті оқуы болды.
Оқу Нанянг Политехник Интернешнл (одан әрі НПИ) тәжірибесін үйрену, зерттеу мақсатында “Нанянг Политехник” колледжі базасында өткізілді. Бұл инновациялық политехникум көптеген жылдар бойы Сингапурдың технологиялық, экономикалық және әлеуметтік дамуына өз үлесін қосумен, мамандарды, студенттерді даярлауда сапалы біліммен ерекшеленіп келеді.
Қазақстаннан барған топқа ұсынылған оқыту бағдарламасына дәрістер, пікір алмасу және талқылау бойынша сессиялар, басқару үлгілерін талдау, дарынды оқушыларды дамыту, оқу жоспарын жетілдіру, “өндірістік оқыту” тұжырымдамасын зерттеу, эксперименттік оқыту жолдарын және “Нанянг Политехник” мектептерімен таныстыру енгізілді.
Сингапурдың техникалық және кәсіптік білім жүйесінде өндірістік оқуға көп көңіл бөлінеді. Сондай-ақ “Нанянг Политехникте” өндірістік оқудың сабақтары төмендегіше ұйымдастырылған: материалдың теориялық бөлігін оқығаннан соң студенттерді “жобалау-тәжірибе”, “тәжірибе-жобалау” кері байланыс қағидаты негізінде қызмет түрлері бойынша топтарға бөледі. Тәжірибеден өткеннен кейін олар сертификат алады, ол жұмысқа орналасарда негізгі құжат болып есептеледі. Компаниялар өз бизнес-жоспарларында жыл бойы тәжірибеге қанша студент қабылдайтындарын көрсетеді, студенттердің 75-80%-ы тәжірибені Сингапурда, 20-25%-ы басқа елдердің әлемге та-нымал ірі (“Panasonic”, “Enerpac”, “Siemens”, “Microsoft”) компанияларында өтеді. Білім беруге ұсынылған технологиялар “Нанянг Политехник” түлектеріне оқуға түсу емтихандарын тапсырмай-ақ, басқа елдердің атақты оқу орындарында (Кембридж, Оксфорд, Йель, Йетти және т.б.) оқуларын жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі “Panasonic”, “Enerpac”, “Siemens” компанияларында алған білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жүзеге асырып, іс жүзінде дәлелдей алады.
Сингапурда “Нанянг Политехниктің” тәжірибесі “Есіл аграрлық-техникалық институты” КЕ АҚ педагогтерінің ұжымына ұсынылды. Тәжірибені үйрену техникалық және кәсіптік білім жүйесіне мынадай бастамаларды енгізуге мүмкіндік береді:
1. “Әлеуметтік серіктестермен өзара қызмет ету негізінде оқытудың дуальды жүйесіне көшу”. Сондай-ақ дуальды оқыту жұмыс берушілердің қызығушылықтары мен еңбек ресурстарын есепке ала отырып, теңгерімдік шешімді қолданумен және ізденіспен байланысты міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Диалогтың негізі әлеуметтік, экономикалық, еңбек келісімдері кешендерін әзірлеу және еңбекақысын төлеу, қамқоршылық кеңестердің жұмысына қатысу, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта оқыту жолымен жұмыссыз халықтың мәселелерін шешуге жәрдемдесу.
2. “Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарындағы мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруда жұмыс берушілердің қатысуы”. Сонымен қатар жұмыс берушілер, кадр қажеттілігіне қарай мамандар мен біліктіліктері бойынша өтінім-ұсыныс хаттарын алдын ала беріп, өз кәсіпорнының болашақ мамандарын даярлай алады. Бұл жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес оқу жоспарларына түзету енгізуді, оқу, технологиялық, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өтуге база ұсынуды қарастырады, тапсырыс берушілердің кәсіпорындарында тәжірибеден өткен соң жұмысқа орналаса алады.
Аталған барлық іс-шаралар студенттердің базалық, сондай-ақ арнайы кәсіби құзыреттіліктерін, яғни маман ретінде білім, білік және дағды негізінде өз кәсіби қызметтерін атқара алатын, қазіргі кәсіптік міндеттерді шешу қабілеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Түлектер жұмысқа орналасқан кезде “Оқытылған тұлға кәсіпорындағы жұмыс барысында қандай кәсіби қызметтер атқара алады?” деген маңызды сұраққа жауап бере алуы тиіс.
Есіл ауданы.

Добавить комментарий