ҚЫЗЫЛЖАР-АҚПАРАТ

«АҚ БИДАЙДА» ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Ақтөбе қаласында ауыл спортшыларының «Ақ бидай-2017» республикалық спартакиадасы аяқталды. Спартакиадашылар спорттың 14 түрінен жарысты.

Төрт жылда бір рет өткізілетін бұл дүбірлі додаға Қызылжар өңірінен 70-тен астам спортшы қатысты. Ең жоғары жетістікке 6 алтын, бір қола медаль иемденген гір көтерушілер командасы жетті.Президенттік көпсайыстан да солтүстікқазақстандық команда үздік атанды. Ал асық атудан – төртінші, көкпар мен армрестлингтен алтыншы орындар ғана бұйырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.