Без рубрики

АСТАНАЛЫҚТАРҒА АЛҒЫС ЖАУДЫРДЫ

Астана қаласында сегіз мешіт бар. Солардың қатары қалың жамағаты кең көлемде қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Мәселен, өткен жылы Қарағанды облысының бір өңірін тасқын басқанда көмек керуені жөнелтілген болатын.

Қызылжар өңіріндегі Келлеровка ауылын биыл су басқанда астаналық мешіттердің намазхандары тағы да жұдырықтай жұмылып, қайырымдылық керуенін Тайынша топырағына аттандырды. Сәрсенбі күні осы жүк діттеген жеріне жеткізілді. “Нұр-Астана” мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай бастап келген үлкен автокөлікке бағасы 3 миллион теңгенің 15 тонна тауарлары артылған. Соның бәрі сол күні үлестірілді.

Бұл шараға астаналық наиб имамдармен бірге “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай, аудан мен ауыл әкімдері қатысты.

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,

облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің баспасөз хатшысы.

Добавить комментарий