ҚАРАҢҒЫ, ДАУЫЛДЫ ТҮН

Печать

Қараңғы, дауылды түн сар далада

argaiv1293

Патшалық құрған өлім айналада.

Шыраққа қолымдағы от тұтаттым,

Үмітпен біразырақ деп “Жана ма?”


Тұрса да қара бұлттар көктен төніп,

Соқса да жел долданып, өршеленіп,

Мың шүкір, әлсіз қолда әлсіз шырақ

Жылтырап жанған боп тұр, қалмай сөніп.


Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ жанар,

Жарығы болмаса да жан таңғалар.

Сәулелі аспанда алтын, күміс нұрлы

Айбынды Күн мен Айға дәл пара-пар.


Менсінбес жөпшендіні көп маңғаздар,

Тең таппай кекеп, мұқар сансыз паңдар.

Қайрылып қарамасын, “қап!” демеймін,

Табылар шыраққа көз салар жандар.


Мағжан ЖҰМАБАЕВ.