ОРАЛХАН — АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Печать

argaiv1797

Тайландтың Бангкок қаласында грек-рим күресінен 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Сары құрлықтағы бәсекеде Қазақстан құрамасы тек Иран балуандарына есе жіберіп, екінші орынды еншіледі.

Дүбірлі додада жауырыны жер иіскемей, елге алтын сыйлаған спортшылардың бірі – жерлесіміз Оралхан Мырзабаев. Ол ақтық сында Иран балуанын тізе бүктіріп, 58 килограмм салмақта Азия чемпионы атанды.

Есіл ауданының орталығы – Явленка ауылының тумасы Оралхан Мырзабаев грек-рим күресімен тоғыз жылдан бері айналысып келеді. Осы уақыт аралығында республикалық, халықаралық чемпионаттарда жасындай жарқырап жүрген жас балуанның болашағынан жаттықтырушылары да үлкен үміт күтті. Ал бүгін сенім биігінен көрінген Оралхан облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттағы жаттықтырушылары Евгений Сорокин, Серәлі Құсайыновқа ғана емес, барша Қазақ еліне қуаныш сыйлады. Ал оның ұлттық құрама сапындағы бапкері Әсет Әбілмәжінов те шәкіртіне риза.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.