ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

Печать

Алдағы жұма күні, қыркүйектің 22-сінде Астанада «Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» тақырыбында бесінші республикалық көрме өтеді.

argaiv1797

Көрме қорытындысы бойынша ең үздік үш жоба анықталмақшы. Оған өңірлерде өткізілген байқауларда жеңіске жеткен 20 жоба ұсынылған болатын. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында бүгінгі күнге дейін үздік жобаға онлайн дауыс беру жүргізілді. Оған қатысқан солтүстікқазақстандық Уәлихан Ыбыраевтың әлеуметтік жобасы - жылжымалы монша  - 1540 дауыс жинап, сегізінші орында тұр.