Солтүстік Қазақстан газеті

Қазақстаным – қара шаңырағым

ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Печать PDF

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптама тобы “Студенттердің, магистранттардың, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің зерттеулеріндегі этносаралық бірлік пен келісімнің қазақстандық үлгісі” тақырыбында семинар өткізді.

argaiv1962

ДОСТЫҚҚА ҮНДЕЙДІ

Печать PDF

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы көпэтносты мемлекетіміздегі келісім мен бірлікті сақтауға негіз болуда. Сәбит Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназияның “Леденцы” хореографиялық ансамблі жанындағы “Сударушки” этномәдени орталығы да осы мақсатты көздейді. Оның құрылғанына жиырма жылдан асты. Осы аралықта әр этнос балаларының басын біріктіріп, түрлі фестивальдарға, байқаулар мен бұқаралық шараларға қатыстырып, олардың арасында достық қарым-қатынас орнығуына атсалысып жүрген хореограф маман Марина Пикуланың еңбегі зор.

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҮТІНІ ДЕ ТӘТТІ

Печать PDF

Мен кіндік қаным тамған қазақ жерін өз Отаным санаймын. Туған-туысқандарым, достарым әлемнің көптеген елдерінде тұрып жатыр. Мен оларға қонаққа барғанда Қазақстанға тезірек оралуға тырысамын. Өйткені, туған елдің топырағын басып, ауасымен тыныстағанға не жетсін?! Қызым мен күйеу балам Израильден Петропавлға көшіп келді. Ұлым Америкаға екі рет барып, жерсінбей қайта оралды. Бүгінде отбасым және бауырларым Солтүстік Қазақстан облысын тұрақты мекеніне айналдырды.

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК АСА МАҢЫЗДЫ

Печать PDF

Тосын жайларға тап болған адамдарға дер кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің маңызы зор. Осы орайда елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы, “Қазақстан халқы Ассамблеясы” қоғамдық қоры және “Қазақстан” РТРК” АҚ-ның ұйымдастыруымен қолға алынған “Шын жүректен” акция-телемарафоны аясында халықты жедел жәрдем көрсетуге үйрететін “Алғашқы көмек” республикалық шарасы да өткізілуде.

ТАТУЛЫҚПЕН ТҰҒЫРЫМЫЗ БИІК

Печать PDF

Тың игеру жылдары Қазақстанға қоныс аударған ата-анам Мағжан Жұмабаев ауданындағы Аралағаш ауылына ат басын тіреген. Басқа ортадан келген біз жергілікті халықтың ділін түсініп, мәдениетін үйрене бастадық. Ауыл тұрғындары бізді жатсынбады. Керісінше, жақсы қарсы алып еді. Әсіресе, әлі күнге дейін Рақымовтар отбасын ұмытқанымыз жоқ. Қазақ жеріне қадам басқан сәттен-ақ олар біздің отбасымыздың қамқоршысы, досы, сенімді серігі бола білді. Қазақстанға көшіп келген кезде мен 11 жаста едім. Ал ең кіші сіңлім Татьяна қазақ жерінде туды. Отбасымыздағы бес қыз – мен, Людмила, Раиса, Лариса, Татьяна осы жерде бойжетіп, жоғары білім алып, білім беру саласында еңбек еттік.

Страница 10 из 55