Солтүстік Қазақстан газеті

Қазақстаным – қара шаңырағым

КҮШ — БІРЛІКТЕ

Печать PDF

 

argaiv1208

“Мемлекет басшысы өзінің “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында “Нұрлы болашақ” жобасын әзірлеп және жүзеге асыруды міндеттеген болатын. Осыған орай, бүгінгі таңда білім беру мекемелері оқушыларының бойына “Мәңгілік Ел” құндылықтарын сіңіруді, оларды отаншылдыққа тәрбиелеуді, ертеңгі күні Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағына үлес қосатын тұлға қалыптастыруды көздеп отыр.

КӨҢІЛГЕ ҚОНЫМДЫ ІСТЕР

Печать PDF

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында берген тапсырмасына сай әр өңірде қоғамдық келісім кеңестері құрылған болатын. Қоғамдық келісім кеңестерінің басты мақсаты – тұрақтылықты, азаматтық татулықты, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Өңірімізде осындай міндетті жүзеге асыратын 80 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді.

ДОСТЫҚПЕН НҰРЛАНҒАН ЖОЛ ДАҢҒЫЛ

Печать PDF

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы Декларациясының қабылдануына байланысты Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимовқа жолығып, ой-пікірлерін білген едік.

АҒАШТАН ТАУЫП ЫРЫСЫН

Печать PDF

 

Бүгінгі таңда ағаштан, темірден түйін түйетін шеберлерді көптеп кездестіруге болады. Айталық, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кәсіптің бұл түрі ешкімге керек болмай қалса, қазір ағаш шеберлері тындырымды тірліктерін атқарып, еңселерін тіктей түсті. Солардың бірі – Адалят Азизов өз шеберханасын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.Адалят Дулдулоглы Әзірбайжанның Шамалған ауданындағы Құртапа ауылында туған. Ұстаздар отбасында дүниеге келген оның екі ағасы, үш әпкесі және үш қарындасы бар. Көпбалалы отбасында тәрбиеленген Адалят жастайынан еңбек етіп өскен. Содан да болар, орта мектепті тамамдағаннан кейін Баку қаласындағы арнайы кәсіптік-техникалық училищеде “Ағаш ісінің шебері” мамандығы бойынша білім алады. Еңбек жолын тарихи Отанындағы кеме жөндеу зауытында токарь болып бастаған ол 1985-1987 жылдар аралығында Отан алдындағы міндетін орындағаннан кейін, Қазақстанға қоныс аударуға бел буады. Осы жерде өзінің өмірлік жарын кездестіріп, отбасын құрған.

Мәдениетімен таныстырды

Печать PDF

Облыс орталығындағы “Радзіма” этномәдени бірлестігі жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыратын белорус мәдениеті күндері фестивалін өткізді.

Страница 7 из 55