Солтүстік Қазақстан газеті

Қазақстаным – қара шаңырағым

ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯ – этносаралық бірліктің сенімді тірегі

Печать PDF

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында: “Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз”, – деген еді.

argaiv1428


Елена МЕЗЁВА,

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.


Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, қазақстандық тұтастық пен ұлттық бірлікті қалыптастыру – ассамблея құрамында жұмыс істейтіндердің тікелей қатысуын және әрқайсысының қалтқысыз қызмет етуін талап ететін, күн тәртібінде тұрған басты мәселе.

2020 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту стратегиясын жүзеге асыру облыстық ассамблеяның барлық жұмысын қамтиды. Оның бірқатар пункттері этномәдени бірлестіктерді қолдауға бағытталған. Оның ішінде облыс аудандарындағы этномәдени бірлестіктер де бар.

ӘЗІРБАЙЖАНДАРДЫҢ ТІЛЕЙТІНІ – ТАТУЛЫҚ

Печать PDF

Сенбі күні облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында әзірбайжан этнобірлестігі өздерінің мәдениеті фестивалін өткізді. Оның барысында өңіріміздегі әзірбайжан ұлтының өкілдерінің тыныс-тіршілігінен сыр шертетін көрме де ұйымдастырылды.

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Этнобірлестіктің төрағасы Тахир Гусейновтің айтуынша, еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі мен 31 желтоқсан – Дүниежүзі әзірбайжан халқының татулық пен ынтымақтастық күні аясында өткізіліп жатқан аталмыш жиын бірлік пен келісімді тағы бір мәрте насихаттауға арналған.

1991 жылдан бері аталып жүрген Дүниежүзі әзірбайжан халқының татулық пен ынтымақтастық күні әлемнің тұс-тұсында өмір сүріп жатқан әзірбайжандықтарды өзгелермен әрдайым бірлікте өмір сүруге шақырады. Осы орайда аталмыш жиынға өзге этнобірлестіктердің де өкілдері қатысып, шараны ұйымдастырушыларға өз тілектерін жеткізді. Фестиваль барысында үш тілде ән шырқалып, қазақ және әзірбайжан ұлтының билері орындалды. Сахна төрінен ұлттық аспаптардың да әуезді үні естілді.

Суреттерді түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.


“БАРМАСАҢ, БАУЫРЫҢ ЖАТ” екендігін “Достықтың жол картасы – 2012” мега-жобасы еске салғандай

Печать PDF

Кәрібай МҰСЫРМАН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Елбасының тапсырмасына орай үстіміздегі жылы ұйымдастырылған “Достықтың жол картасы – 2012” мега-жобасы аясында жуырда Қызылжар өңіріне Ақмола облысының делегациясы қонаққа келіп, ауылы аралас, қойы қоралас өңірдің этномәдени бірлестіктерінің өнерпаздары концерт қойып кеткен болатын. Достық эстафетасын қабыл алған солтүстікқазақстандықтар енді оны одан әрі жалғастыру мақсатымен Қостанай облысына сапар шекті.

Жолдың көктайғақтығынан баяу жүруге тура келген автобустар бізді 450 шақырымдай жердегі Қостанай қаласына он екі сағатта әрең жеткізді. Бірақ, көршілес қос облыстың қақ шекарасында әндетіп-думандатып, шашу шашып, құшақ жая қарсы алған қостанайлықтардың ыстық ықыласы көңілімізді өсіріп, шаршағанымызды ұмыттырып жіберді.

“ТАМЫРЫМЫЗ”– ТАҒДЫРЫ БІР ТУЫСҚАН!

Печать PDF

Бәрімізге белгілі сол жылдары елімізге 2263 қалмақ, 6000 ирандық, 21150 түрік, 27833 балқар, 31000 белорус, 45529 қарашайлық, 53000 украиндық, 81495 литвалық, 89901 шешен-ингуш, 102000 кәріс, 441712 неміс жер аударылған. Мұндай құраммен адамның ең қастерлі сезімі – ізгілік араласпаса, ел болып кетуіміз неғайбіл еді.


Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.


Әкемнің көрші ауылда ұлты неміс тамыры – Виктор тұратын. Аға-әпкелерім: “Доңғалақ айналса, Арайлым бірге айналады” деп мазақтаса да әкемнен қалмай неміс тамырдың үйіне жиі қонаққа барушы едім. Маған олар жақын туысымыз сияқты көрінетін. Әкемнің аты қақпаға жақындағанда-ақ, үй иесі жүгіріп шығып, қарсы алатын. Тамырлар бір-бірінен амандық-саулық сұрасып жатқанда, оның келіншегі мені жетелеп үйге кіргізетін. Дастарқанын жайып, алдыма барын қояды. Ішіне ел қонғаннан кейін ойын баласы қайбір тыныш отырсын. Тыпырши бастаған мені бақшасына жетектеп апарады. Гүлдің түр-түрін өсіруші еді. Маған әрқайсысынан қиып, гүл шоғын жасап береді. Оны үйге алып келіп, суға салып қоямын. Екі-үш күннен кейін солған гүлді далаға тастауға қимаймын. Ана кісі менің гүлді далаға тастағанымды білсе, ренжи ме деген ой ғой.

 

Страница 55 из 55