Солтүстік Қазақстан газеті

Қазақстаным – қара шаңырағым

Жерұйығым — Отаным

Печать PDF

Жуырда Совет ауылының тұрғыны Александр Гаммершмидтпен кездестім. Оның ұлты неміс болса да, өзін қазақпын деп санайтындығы біреуге қызық болса, біздің көңілімізді сүйсіндіреді. Олай дейтін себебі, аш-жалаңаш қалған уақытта олар қазақтың қайырымдылығының арқасында аман қалған екен.

argaiv1900

ҚҰТТЫ МЕКЕННІҢ ҚҰШАҒЫ ЫСТЫҚ

Печать PDF

Менің ұлтым – ингуш. Әкемнің де, анамның да арғы аталарын Қазақстанға Солтүстік Кавказдан жер аударған. Бүгінгі таңда сол зұлмат жылдарды көзі көргендерден тек нағашы әжем Раиса Гуцериева ғана қалды. Әжемнің айтуынша, оларды 1944 жылы Солтүстік Кавказдың Чермен ауылынан Қазақстанның Ақмола облысына жер аударыпты.

ҚАЗАҚСТАННАН АРТЫҚ ЕЛ ТАППАДЫҚ

Печать PDF

Қазақ жері талай этнос өкілі үшін екінші Отаны болғаны жалпыға мәлім жағдай. Саясаттың құрбаны болып, жат жерге жер аударылса да, жапан түзден жылылық тапқан олар бұл жерді мәңгілік мекеніне айналдырған. Десек те, еліміз тәуелсіздік алған жылдары өз қалауымен тарихи отандарына оралғандары да бар. Ал олардың Қазақстанға қайтып келгендері қаншама. Ресми деректерге сүйенсек, соңғы алты жылда ғана 1062 адам алыс және жақын шет мемлекеттерден туған жеріне қайта оралған. Оған не себеп? Бауырмалдылық. Кезінде аталарына құшағын жайып, барын аузына тосқан қазақтың кеңдігі, осының арқасында қалыптасқан этносаралық мейірімділік пен сыйластықтың кез келген жерден табыла бермейтіндігі. Мұны тарихи отандарына көшіп кетсе де, ортаға жылдар салып, қайта елге оралғандардың өз аузынан естідік.

АЛИК АТА

Печать PDF

Армян этносының қазақ жеріне аяқ басуы ХІV ғасырдан бастау алады. Алғашқыда миссионерлік, кейін сауда-саттық мақсатымен келіп-кетіп жүрген олар қазіргі Ақтау қаласында сауда орындарын тұрғызған екен. Батыс Қазақстандағы Досор мен Мақатта мұнай кенін игеруге қатысқан. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында ғана осынау этнос өкілдері қазақ жеріне көптеп қоныстана бастады. Бұған қоса күштеп қоныс аудару да қабаттаса жүрген. Бүгінде қазақ жерінде 15 мыңға жуық армян тұрады.

ІЗГІЛІККЕ ТОЛЫ ИГІ ІС

Печать PDF

Наурыз айының ортасында облысымызда “Қайырымды ел – 2017” жалпыұлттық акциясы аясында “Қоғамдық бастама – 2017” жобасы басталған еді.

Страница 3 из 55