Солтүстік Қазақстан газеті

Балалар әлемі

Балалар құқығын қорғаудың 12 күні

Печать PDF

Облыстық білім басқармасы өңірімізде маусымның 1-і мен 12-сі аралығында “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес” атты ұлттық ақпараттық науқаны өткізілетіндігін хабарлайды.

argaiv1682

СӘБИ ЖҮРЕКТІҢ ЛҮПІЛІ

Печать PDF

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған “Менің Қазақстаным!” шығармашылық байқауына қатысқан балалар марапатталды. Байқау жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Бас прокурорының грамоталары мен бағалы сыйлықтарына ие болды.

БӨБЕКЖАЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛУДЕ

Печать PDF

Облыс орталығындағы “Солнышко” бөбекжайына күрделі жөндеу жүргізілуде. Биыл бұл мектепке дейінгі білім мекемесінің терезелері мен едені ауыстырылмақ. Құрылыс жұмыстарына “СанТехЭлектроМонтаж” ЖШС жауапты.

ҚАРА БАТЫР

Печать PDF

Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой бақтырыпты. Аш-жалаңаш сақтап, жөнді тамақ бермеген соң бала далада қойдың сүтін сауып ішіп, сонымен күн көріп жүріпті. Бір күні бала далада қамығып жылап отырғанда, алдына бір қарға келіп қонады. Бала қарғаға: “Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды алсана, біздің елге барсана, сағынып жүрген әкеме, тұмарды бере қалсана”, – дейді. Қарға бір қарқ етіп, ұшып кетеді. Бір мезгілде сауысқан келіп қонады. Оған бала: “Ай, сауысқан, сауысқан, өлексе жеп тауысқан, тұмарымды алсана, елге бара қалсана”, – дейді. Сауысқан шық-шық етеді де, ұшып кетеді. Келіп тырна қонды. Бала сәлемдемесін жеткізуді тырналардан да, қаздардан да, аққулардан да сұрайды. Бірақ олардың барлығы сөзіне құлақ аспай ұшып кетеді. Біраздан соң қасына қарлығаш келіп қонады.

ЖІГЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІ

Печать PDF

Жігер Амангелді – Ақжар ауданы Талшық ауылындағы “Балапан” балабақшасының тәрбиеленушісі. Ол сурет салғанды ұнатады. Әсіресе, күнделікті тіршіліктегі көріністер оның балғын шығармашылығына түрткі болады. Жігердің салған суреті Жеңіс күні қарсаңында өткізілген “Мәңгілік есімізде” атты республикалық интернет-байқауға жолданып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Страница 2 из 32