Солтүстік Қазақстан газеті

Балалар әлемі

ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

Печать PDF

Жаздың алғашқы күні қала тұрғындары мен қонақтары Халықаралық балаларды қорғау мерекесін атап өтті. Бұл күні облыс орталығындағы саябақтар мен ойын-сауық орталықтарында мерекелік шаралар ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық ұлан Әскери институтында да өткен мерекелік шараға әскери оқу орны қызметкерлерінің отбасылары мен қала мектептерінің екі жүзге жақын оқушысы тартылды.

argaiv1208

ҚЫЗЫҒЫМЫЗ ДА, ҚУАНЫШЫМЫЗ ДА

Печать PDF

Баянды бақытымыз да, күйбең тіршіліктің көлеңкелі сәттерін бір сәтке болса да ұмыттырып жіберетін қызығымыз да – балаларымыз. Содан болар, кеңпейіл халқымыз байлығын қорасындағы малымен емес, бауырындағы сәбиімен өлшеген. “Бір бала өмірге келсе, бір түп жусан артығымен шығады” деп тегін айтпаған жұртшылық бірінші маусымды өзгеше тойлайды. Бұл үрдіс Қызылжарда да жалғасын тапты.

ҰЙЫҚТАП ҚАЛҒАНСЫҢ

Печать PDF

Біржан ағасы Ержаннан екі жас кіші. Тете болғандықтан да екеуінің керілдесуі де, шүйіркелесе қалуы да лезде. Бірде Біржан Ержанға:

– Мен папам мен мамамның үйлену тойында кәмпит пен печеньеге тойдым ғой, – деді.

САҒЫЗДЫ ҚАЙДАН АЛҒАН?

Печать PDF

Мал қорадан жүгіре шыққан Біржан:

– Мама, біздің сиырлар сағыз шайнап тұр ғой, олар сағызды қайдан алған? – деді таңданып.

АУА МЕН ТЕҢІЗ ТОЛҚЫНДАРЫ

Печать PDF

Жаз келісімен шыбын-шіркей де көбейеді. Әсіресе, қара түсті, ызыңдаған шыбыннан құтылуға барлығымыз асық боламыз. Денемізге қонған масаны лезде қағып түсіре аламыз. Ал шыбынды арнайы шыбын ұрғышпен ғана қағуға болады. Неліктен?

Қолымызбен шыбын ұстау өте қиын. Өйткені, қолымызды шыбынға созған мезетте, жәндікке қолымыздан бұрын ауа толқындары тезірек жетеді екен. Сол лепті сезген шыбын тұрған орнынан ұшып кетеді. Мәселен, балықтар судағы толқындардан теңіздегі қозғалған денелерді сезеді. Алыс жерден бір адам суға сүңгісе, балық мұны сезіп қояды. Шыбын да солай. Қозғалысты ауа толқындары арқылы біледі екен.

Страница 10 из 32