Солтүстік Қазақстан газеті

Балалар әлемі

НҰР-МЕКТЕБІМ, ЖАРҚЫРА!

Печать PDF

Күз келді, бастау алды жаңа өмір,

argaiv1900

Толқиды, қуанады бала көңіл.

Аттадық табалдырығын Нұр-мектептің,

Сеніммен, қуанышпен жайнап гүл-гүл.

ЕСЕПТЕР

Печать PDF

Азаттың 35 көгершіні бар. Азат оларды үш үлкен және он кішкентай торға бөліп отырғызды. Әр үлкен торға бес көгершіннен отырғызса, әр кішкентай торға қаншадан отырғызды?

* * *

Мектеп залына алты орындықтан бес қатар және үш орындықтан төрт қатар орындықтар қойылған. Барлығы қанша орындық бар?

* * *

Екі тігінші бағасы бірдей 9 қорап түйреуіш сатып алды. Оған бірінші тігінші – 18, екіншісі 36 теңге төледі. Олай болса, әр тігінші қанша қорап түйреуіш сатып алды?

P.S: Есептердің жауаптарын біздің электронды поштамызға жіберіңіздер.

ӘТЕШТІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН ТАУЫҚ

Печать PDF

Ертеде тауық пен әтеш өмір сүріпті. Тауық жұмыртқалап, әтеш болса азық іздеп, дән жинайтын. Тапқан азығын тауықпен бөлісетін. Бидайды қазып алып, тауықты шақырады:

– Ко-ко-ко, мен бидай тауып алдым!

ПОЛИГОНДЫ ЗЕРТТЕЙДІ

Печать PDF

XXI ғасыр – технологияның заманы. Қазіргі таңда, әсіресе, робот техникасы кеңінен қанат жайып дамып келеді. Бұл салаға өскелең ұрпақтың бет бұрып келетіні қуантады. Мәселен, мен білім алатын химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде робот техникасы саласын кәсіби түрде меңгеріп жүрген оқушылар жетерлік.

ЕСЕПКЕ ЖҮЙРІК БАТЫРХАН

Печать PDF

Облыс орталығында тұратын есепке жүйрік жеті жасар Батырхан Сағындықов биыл 1-сыныпқа барды. Вундеркинд баланың қабілетін ұстаздары мен сыныптастары да бірден аңғарыпты. Батырхан сандарды ойша алып-қосып, жауабын дұрыс әрі тез айтып береді. Логикалық тапсырмаларды да мүдірмей орындайды. Ұстазы Ирина Гришкованың айтуынша, 4-сыныпқа арналған математика есептерін қиналмай шеше алатын Батырханның қабілетін әрі қарай дамытып, дұрыс бағыт-бағдар бере білу – мұғалімдердің ғана емес, ата-анасының да міндеті. Бір қызығы, зейінді оқушы доллар бағамын теңгеге де ойша аударып, анасының тапсырмаларын орындауда мүдірмейді. Ол ойлануға 1 минутты да қажет етпейді.

Страница 6 из 32