Солтүстік Қазақстан газеті

Билік

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ

Печать PDF

 

argaiv1208

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов облыс активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Президент Әкімшілігінің келісімімен бұл қызметке Асқар Жоламанұлы Сақыпкереев тағайындалды. Осылайша, облыс әкімі орынбасарларының саны бесеуге жетті.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ — КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ

Печать PDF

Кеше өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалық етуімен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Отырыста қатысушылар төрт мәселе талқылады.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ербатыр Мадияров өңірдегі эпизоотикалық жағдай туралы есеп берді. Баяндамашының айтуынша, өңірде эпизоотикалық жағдай тұрақты.

“НҰРЛЫ ЖЕРДІҢ” НЕСІБЕСІ МОЛ

Печать PDF

 

Облыс басшысы Ерік Сұлтанов кеше жұмыс сапарымен өңірімізге келген “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимовамен кездесті. Кездесу барысында облыс халқының тұрғын үймен қамтамасыз етілу барысы әңгіме өзегіне айналып, “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.

БЕЛЕСТЕР БИІКТЕЙ БЕРЕДІ

Печать PDF

 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов өңір тұрғындары алдында өткен жылы атқарған жұмысы жөнінде есеп беріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” Жолдауында қойылған міндеттерді орындау жоспарымен бөлісті. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өткен кездесуге Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысты. Өңір басшысының тұрғындармен кездесуі телеарна және интернет сайт арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

ЖАҢА ПРОКУРОР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Печать PDF

 

Өткен жылы прокурорлардың көмегімен 16 мыңнан астам облыс тұрғынының конституциялық құқығы қорғалып, мемлекет қазынасына келтірілген 1 млрд. теңгеден астам шығынның орны толтырылыпты. Бұл жұмыс әрі қарай да жемісті жалғасын табуы үшін Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып жаңадан тағайындалған Берік Асыловқа бел жазбай еңбек ету қажет. Қадағалаушы орган басшысы алдында тұрған міндеттер туралы облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельдің кездесуінде айтылды.

ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУ — БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК КЕПІЛІ

Печать PDF

 

Кеше “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапарымен облысымызға келді. Облыс әкімі Ерік Сұлтановпен бірге өңірдегі бірқатар кәсіпорындарда болған ол еңбеккерлермен жүздесіп, бизнес саласын жаңғыртудың мүмкіндіктерімен танысты.

Страница 6 из 20