Солтүстік Қазақстан газеті

"Шаңырақ"

Қайындау туралы не білеміз?

Печать PDF

Маңызы ерекше дәстүрдің бірі – қайындау. Кейбір жерлерде қайыншылау деп те аталады. Бұл қыз емес, күйеу жігіт жасайтын рәсім. Қайындау – “Қыз көру”, “ құдалық” сияқты сөз байласудан кейін жалғасатын салт. Қайындауды “ұрын барумен” шатастыруға болмайды. Ұрын бару жігіт пен қыздың үйлену алдындағы құпия кездесуі болса, қайындау – күйеу жігіттің болашақ қайын жұртына жасайтын сапары. Бұл да төркіндеу сияқты – міндетті дәстүр. Айырмашылығы – қайындаған жігіт қайын жұртынан ат мініп қайтпайды. Есесіне, шапан киіп, болашақ қайын жұртымен танысып, араласуға жол ашады.  

argaiv1962

Қыз — ұлт мақтанышы

Печать PDF

Облыстық Қызылжар орталық мешітінің “Әжелер мектебі” қазақ мектеп-гимназиясында қоғамда ұлттық құндылықтардың сақталуын насихаттау, жастарға ғибрат-өнеге беру мақсатында қаламыздың он мектебінің қыз балалары мен жетекшілерінің қатысуымен “Қыз – ұлт мақтанышы” тақырыбында тәрбиелік шара ұйымдастырылды.

ТӘРБИЕ БҰЛАҒЫ

Печать PDF

Жуырда “Единство педагогов СК” қоғамдық бірлестігі Петропавл қалалық білім бөлімінің қолдауымен облыс орталығындағы №20 орта мектепте “Оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу” мемлекеттік жобасы аясында “Асыл әжем, ақ әжем, ақ жаулықты дана әжем” тақырыбында тəрбие шарасын өткізді.

ҮМІТ БЕСІГІ

Печать PDF

Аты айтып тұрғандай, жарық дүние есігін аша сала тағдырдың теперішіне тап болған тастанды сәбилерді қызғыштай қорғау үшін ойлап табылған амал. Бұл, әсіресе, адами құндылықтар аяққа тапталған қазіргі қатігез қоғамға, жүректерін жарып шыққан шақалақтарын қоқыс жәшіктеріне қаймықпай тастап кете баратын тасжүрек аналарға аса қажет-ақ. Қоғам тынысындағы кеселге күйінген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жақында жұртшылық назарына сәбилерге арналған жәшіктер орнату қажеттігі жайлы ұсыныс тастағаны мәлім. Мәжілісмендердің қоғамның дертімен бетпе-бет келіп, мәселені тереңнен қаузауы жайдан-жай емес. Көкейді тескені тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, құрсағына сыйдырған нәрестесін туғаннан кейін тұншықтыруға бекінген “көкек аналарға” тоқтау бола ма деген нүктесі көп сұрақ қана...

КҮНДЕЛІК ЖАЗАСЫЗ БА?

Печать PDF

Абай атамыздың он бесінші қара сөзіндегі: “Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?”– деген сөйлемдер әрбір адамға қаратылып айтылған. Адамның өз-өзіне есеп беруін күнделік жазумен ұштастырған жөн сияқты. Бұрындары мектепте оқып жүргенде ұстаздарымыз күнделік жазуға баса мән беретін. Ол кезде баламыз ғой. Көп нерсенің байыбына бара бермедік. Кейін ойлансам, күнделік адамның тұлға ретінде қалыптасуына көп ықпалын тигізеді екен. Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік тұлғалардың бәрі дерлік қаламгерліктің даңғыл жолына осы күнделік жазу арқылы түскені аян. Мәселен, Зейнолла Қабдоловтың, Мұқағали Мақатаевтың жүрек жазбалары араға біраз уақыт салып кітапқа айналды емес пе?

Страница 7 из 35