Солтүстік Қазақстан газеті

"Шаңырақ"

Намыс қайда, жігіттер?

Печать PDF

Жақында қоғамдық көлік тосып аялдамада тұрғанда тосын жайдың куәгері болдық. Аялдамаға жақын жерге тоқ-тай қалған “темір тұлпардан” сұңғақ бойлы жігіт түсті. Шыны керек, бір қарағанда мен оны бойжеткен екен деп те ойлап қалдым. Шашы әдемілеп қиылған, оны қызғылт түске бояп алған. Құлағында жалт-жұлт еткен сырға, үстіне кигені – ұзындау жемпір мен тырысқан шалбар. Құдды бір қыз сияқты. Қасымда тұрған кейуана:

argaiv1682

Армандар орындалады

Печать PDF

Мен облыс орталығында тұрамын. Бала кезімнен денсаулығым сыр беріп, қол-аяғым ауыра бастады. Кейін өздігімнен жүруден қалдым. Қоларбаға таңылып, бірінші топтағы мүгедек болғаныма да біраз жыл өтті. Бірақ мен қатал тағдырдың сынына төтеп бере алған адамдардың бірімін.

Бұлақ көрсең, көзін аш

Печать PDF

 Жұбайым екеуіміз бір ұл мен екі қыз тәрбиелеп отырмыз. Аллаға шүкір, балаларымызды қазақы қалыпта өсіріп, бүгінде соның жемісін көріп жүрген жайымыз бар. Тұңғышымыз орда бұзар жасқа келсе, оның соңынан ерген қос қарлығашымыз – бүгінде өздері қалаған мамандық иелері.

Өмірдегі шаттығым

Печать PDF

Қоғамда жақсы мен жаманның қатар жүретін кездері жиі болады. Осыдан көп жыл бұрын үлкен отбасы мәртебелі саналса, бүгінде оған ұмтылушылар қатары сиреп барады. Жасыратыны жоқ, көптеген отбасы бір-екі баламен шектелуді жөн көреді. Мұның елдің демографиялық ахуалына үлкен ықпал ететінін түсіне бермейміз. Сондықтан өз отбасының бақытын ойлап, қазақстандық азаматтардың санын көбейтіп отырған алтын құрсақты аналарға бас июге болады. Сондай аналардың бірі – Қызылжар ауданының Архангелька ауылында тұратын Зәуре Таныбаева. Зәуре – жұбайы Қанжарбек Өмірзақұлымен 2000 жылы шаңырақ көтеріп және он балаға өмір сыйлап, бүгінде: “Өмірдегі шаттығым – балаларым”, – деп отырған жан.

Бала тілі бал, бірақ...

Печать PDF

Бүгінгі нарық заманында ата-аналардың барлығының бірдей бала тәрбиесіне уақыты жете бермейді. Күні бойы жұмыстан, одан қалды түрлі күйбің мәселелерден шаршаған бірқатар әке-шеше кешқұрым үйіне келгенде алдынан шыққан баласымен сөйлесудің орнына теледидарды қосып, не болмаса планшетті, ұялы телефонды қолына ұстата салады. Осымен олардың арасындағы диалог аяқталады. Осылай күндер, айлар, тіпті, жылдар өтеді. Бала өседі.

Страница 6 из 35