Солтүстік Қазақстан газеті

"Шаңырақ"

ҚАРАШАҢЫРАҚТЫҢ КИЕСІ ҚАЙДА

Печать PDF

“Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін” дегендей, марқұм анам Асылтас пен қазіргі күні Тимирязево ауылында тұрып жатқан 97 жастағы Қапыш апа екеуі – Ұлы Отан соғысы жылдары бала өсірумен қатар ауылдың, отбасының ауыртпалығын қара нардай көтеріп, арбамен жанармай тасып, шөп шауып, егін жинап, мал қоралап, ұйқы-күлкісіз жүріп, Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан жандар.

argaiv1208

ӘУЛЕТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ — БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ

Печать PDF

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен осыдан бес жыл бұрын “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауы қолға алынды. Ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, ата-ананың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған сайысқа қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Биылғы байқаудың облыстық кезеңіне тоғыз аталым бойынша 34 отбасы қатысып, үміткерлердің барлығы сый-сияпатқа бөленді. Ынтымағы мен ырысы жарасқан отбасылардың арасында ақжарлық Хоршат әулеті де бар.

“Етекке салу”

Печать PDF

Ана мен балаға арналған салт-дәстүрдің ішінде “етекке салу”, “бауырға басу” деп аталатын ғұрып бар. Ежелгі заманда сәби көтере алмаған аналарымыздың көңілін жасытпай, олардың әлеуметтік мәртебесін кемітпей, отбасындағы орнын ешқашан аласартпау үшін қазақ халқы бұл мәселені де үлкен парасатпен шешіп отырған. Бұл әулеттің ішіндегі бірлікті, татулықты арттырып, ұйтқысын кіргізудің өзіндік жөн-жобасы болған. Бұл жерде – асырап алу салты орындалған. Белгілі этнограф ғалым Халел Арғынбаевтың айтуынша, дүниеге жаңа келген сәбиді әулеттегі перзентсіз ағасының немесе інісінің бауырына салып, соған бала етіп беру үшін өзіне ет-жақын адамдарды шақырып, жөн-жоралғысын жасап, беретін болған.

Әйел көркі — әсем киім

Печать PDF

“Қызылжар” орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы тапсырмасы бойынша “Әжелер мектебінің” құрылғаны жайында осыған дейін оқырмандарды хабардар еткен болатынбыз. Жақында аталмыш ұйым тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізді. Әңгіме қыз тәрбиесі және ұлттық нақыштағы киім киюдің мәнісі жайында өрбіді. Шара барысында облыс орталығының тұрғыны, мешіттегі шәкірттердің бірі Халида Мінайдарқызы “Әжелер мектебіне” 12 қамзол мен көйлекті сыйға тартты. Ұлттық дәстүрді дәріптеуді мақсат тұтқан шарадан кейін Халида Мінайдарқызынан сұхбат алған болатынбыз.

Сұлулық сырлары

Печать PDF

   Адам өзін қай жаста болса да, сергек сезіне алады. Оған алдымен ынта-ықылас керек. Егер ерінбей төмендегі нұсқауларды орындап отырсаңыз, сергек және сұлу боласыз.

Страница 5 из 35