Солтүстік Қазақстан газеті

"Шаңырақ"

ҰШҚАН ҰЯМ – ӨСКЕМЕН, ҚОНҒАН ҰЯМ – ҚЫЗЫЛЖАР

Печать PDF

Газет оқып, теледидар көргенде болашақта өз өмірімді осы саламен ұштастырсам деп армандайтынмын. Бірақ мектепті тамамдап, мамандық таңдайтын кез келгенде ағаммен ақылдасып, өнер жолына бет бұрдым.

argaiv1208

Ата-анам – өнерлі адамдар. Бірі ән айтса, екіншісі домбыра тартады. Ес білгелі ағам екеумізді домбыраға баулып, ұлттық аспаптарға деген қызығушылығымызды оятты. Соның әсері болар, қолыма аттестат алған соң “Ағайынды Абдуллиндер” өнер колледжіне түстім (Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданындағы білім ошағы). Өнерлі балалардың ұстаханасына айналған колледжді қызыл дипломмен тамамдадым. Домбыраға қоса, сазсырнай, фортепьянода ойнауды үйрендім. Ең бастысы, қазақтың көне аспаптарының бірі болып саналатын шертердің қыр-сырымен танысып, алдағы уақытта осы аспапты толық меңгеріп, білікті маман болуға бел будым.  

НЕКЕ ЖӘНЕ ЖЕТІ АТА ЖАЙЛЫ

Печать PDF

Ата-ананың ақылы алтыннан да ардақты. Жас, балаң күнінде үлкендердің осы ғибратына көңіл аудармай, есейе келе мән беретіндер бар. Үлкендердің үлгісін елемей, соңынан бармағын шайнап жүретіндер де болады. Бұған өмірімізде айғақтар жетіп жатады.

Мына оқиға да осы ойды санамызға сіңіреді. Бірде “Тальго” пойызымен Астанаға жол тартуыма тура келді. Купеде жалғыз-жарым жайғасып отырғанымда жолдағы елді мекендердің бірінен жас ер бала ерткен бір келіншек келіп орналасты.

КЕЛІН ШАЙЫ

Печать PDF

“Тойдың болғанынан боладысы қызық” дегендей, баласын үйлендірер кезде қандай ата-ана болмасын, барын салуға тырысады. Сөйтіп, біраз дайындықтан кейін дүркіреген той да өтеді. Ұлттық салт-дәстүрге сүйенер болсақ, той өткеннен кейін екінші күні жаңа түскен жас келін енелеріне, абысындарына, арнайы жасалған дастарқанда шай құйып, қызмет көрсеткен.

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАР

Печать PDF

Жұптары жазылмай, өмір өткелінің талай қиындығында құрыштай шыныға білген отбасылардың ортамызда барына қуаныштымын. Олардың өнегелі өмірі жастарға үлгі болары айдан анық. Шаңырақты бақыттың мекеніне айналдырып, бала-шағасының, немере-шөбересінің қызық-қуанышына бөленіп жүрген ерлі-зайыптылардың бірі – Нұрибек пен Бибінұр Қапаровтар.

КЕЙІНГІ ТОЛҚЫН

Печать PDF

Бүгінгі “Шаңырақта” оқырмандарымыз “Жастардың тәлім-тәрбиесі қандай деңгейде?” деген сұраққа жауап береді.

Страница 35 из 35