Солтүстік Қазақстан газеті

"Шаңырақ"

ӨНЕГЕЛІ ІС — ТӘРБИЕ КӨЗІ

Печать PDF

Алтын ұя, туған жер кімге болса да ыстық. Жүрегімді әлдилеген осынау бір тамаша сезім менің кең-байтақ Отаныма оралуыма себеп болды. Нұрлы көшке ілесіп, Моңғолия елінен отбасымызбен бірге Тайынша ауданының Келлеровка ауылына көшіп келгенімізге де он жылдан асты. Бауырларымыз бізді құшақ жая қарсы алып, барлық жағдайымызды жасады. Елбасымыздың сындарлы саясаты арқасында туған ортамызбен қауышқанымызға қуаныштымыз. Түсіне білген адам үшін – мұның өзі бір бақыт.

argaiv1900

Шырағың сөнбесін, шырағым!

Печать PDF

Қазір жастарға қызық па, әлде сән бе, әйтеуір олар бөпелерінің туған күнін ай сайын тойлайтынды шығарды. Сөйтіп, сәби бір жасқа келгенде, көл-көсір той жасайтындардың да қатары қалыңдай түсуде. Әрине, әркім өзі біледі. Жетіп тұрса, неге жасамасқа, бұл жерде мәселе туған күнді тойлауда емес, оның қалай өтуінде.

Бата сұрайтын балалар көп болсын!

Печать PDF

Мен Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында тұрамын. Немерем Даниял облыс орталығында ата-анасымен бірге тұрады. Бастауыш сыныпта оқитын ол жазғы демалыста ата-әжесіне қонаққа келді. Өзі спортпен айналысады. Әлі кішкентай болған соң Петропавлда өтетін кезекті сайысына Даниялды өзім алып келдім. Бескөлден қатынап тұратын автобусты тоспай-ақ, екеуіміз жолға шығып, көлік тоқтаттық. Бастапқыда немереммен жолда ұзақ тұрып қаламын ба деп уайымдап едім, бірақ жолымыз болды. Айналасы бірер минуттың ішінде зу етіп бір көлік келе қалды. Қуанып кеттім, рөлде жап-жас қазақ жігіті екен. Орындыққа жайғасқан соң, жөн сұрасып, біраз әңгімелестік. Сөйлесіп отырып, діттеген жерге де тез жетіп қалдық. Ұлымның үйіне жақындау жерден түскен соң, шопыр жігітке жол – ақың деп қолына ақша ұстаттым. Ол болса: “Ата, жолда жүрсіздер ғой, ақшаңызға немереңізге бір нәрсе алып беріңіз, қуанып қалсын, ал маған бата беріңізші!”, – деді.

ҰЯТЫМ ӨЗІМДЕ ЕКЕН…

Печать PDF
Аса құрмет тұтар бір кісі әлем әдебиетіндегі ең қысқа әңгімені айтып берген:
“Ұят өлді. Оны жерлеуге ешкім келмеді…”.
Содан бері ұяттың қайда жерленгенін іздеп жүргем…
Оң жағыма қарадым.
                              Таппадым.
Сол жағыма қарадым.
                              Таппадым.
Алға жүрдім.
                  Моласы көрінбеді.
Кейін шегіндім. Байқамадым.

Страница 4 из 35