Солтүстік Қазақстан газеті

"Шаңырақ"

Жиендік жасау

Печать PDF

Қазақта төркіндеген қызға, қайындаған жігітке жасалатын құрметпен бірге, олардан туған балаларға да арналған дәстүр бар. Оны жиенге “қырық шұбар мінгізу” немесе “қырық серкеш беру” деп атайды. Кейбір өңірлерде “жиенқұйрық” деген сақталған. Бұл – жиенге жасалатын жоралғы. Жиен нағашы жұртына алғаш келгенде жасалатын жоралғы. Дәстүр бойынша жиенге қалағанын берген. Ұл балаға тай мінгізсе, қызға алтын-күміс әшекей тағады. Оны “жиенқұйрық” дейді.

argaiv1962

Қуырдақтың қызығы

Печать PDF

Құрметті оқырман! “Шаңырақ” айқармасы жаңа айдармен толықты. “Бақытты баламыз” айдарында әр саланың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген өңірімізге танымал адамдардың балалық шағына сапар шегіп, қызықты әңгімелерін баяндайтын боламыз. Бүгінгі алғашқы қонағымыз дәстүрлі әнші, өнер колледжінің оқытушысы – Біржан Есжанов.

АТАМ — МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!

Печать PDF

Ұлы Отан соғысы қаншама отбасына қайғы-қасірет әкеліп, ананы жесір, баланы жетім етті. Оқ пен оттың ортасында толарсақтан саз кешіп жүріп, Отанын жаудан қорғаған ержүрек жауынгерлеріміздің ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Біз, кейінгі ұрпақ, оларға қандай құрмет көрсетсек те, қандай сый-сияпат жасасақ та көптік етпейді. Ел басына күн туған кезде майдан даласына аттанып, бейбіт өмір үшін жанын пида еткен батыр да, батыл жауынгерлерге тағзым ету – бүгінгі ұрпақ парызы.

ҚЫЗ — ҰЛТТЫҢ ҰЯТЫ

Печать PDF

Атам қазақ қашанда қыздың тәрбиесіне аса мән беріп өсірген. Себебі, қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы.

“Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі” дегендей, қызғалдақ қыздар болашақта тұрмыс құрып, асыл жар, аяулы ана атанады. Өмір ағымындағы осындай түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп, абыройын бойтұмардай сақтап, қазақ қызы деген атқа сай болуы үшін бойжеткендердің тәрбиесіне бүгіннен бастап қоғам болып атсалысуымыз керек. Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде 2016 жылы осы мақсатты көздеген “Инабат” қыздар клубы ашылды. Тәрбие бағытындағы жоспарлы істердің жүзеге асуына клубтың жетекшісі, білікті маман Жантолқын Нұрланова ықпал етуде.

ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНГЕН

Печать PDF

Салт-дәстүрімізді жаңғыртып, бір шаңырақ астында тұратын бірнеше ұрпақ өкілдерінің татулығын, бірлігін кеңінен насихаттайтын “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауы – өнегелі шара. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған аталмыш байқау биыл қатарынан бесінші жыл өткізілді. Облыс бойынша байқауға қатысып, бақ сынаған отыз төрт шаңырақ арасынан ерекше көзге түскен Баймурзиндер отбасысы. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тұрғындары “Атадан балаға мұра” аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Страница 3 из 35