Солтүстік Қазақстан газеті

ҚАЗАҚСТАН 2050

КООПЕРАТИВТЕР — ДАМУ ТЕТІГІ

Печать PDF

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше басымдық берілгені белгілі. Атап айтқанда, атқарушы билік ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру арқылы жұмыссыз азаматтардың жаңа кәсіп ашуына жағдай жасау жұмыстарын жандандыруы қажет. Бұл аграрлы өңіріміздің тұрғындары үшін жағымды жаңалық екені анық. Осы орайда, кооперативтердің құрылу мақсаты, жеңілдетілген несие алу жолдары, мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалану тетіктері жөнінде “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ы облыстық филиалының басшысы Әсемгүл Қайырденовамен әңгімелескен едік.

argaiv1259

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТЫНЫСЫН КЕҢЕЙТЕДІ

Печать PDF

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы терең мазмұнға ие тағы бір құнды еңбек екені сөзсіз. Кемел келешекке бағдар болған ауқымды құжатта ұлттық идеологияның, рухани жаңғырудың маңызды тетіктері қарастырылған.

“КӨРМЕДЕ ТАҢДАЙ ҚАҚТЫРАТЫН КЕРЕМЕТ КӨП”

Печать PDF

Әлем назарын Астанаға аударған ауқымды жаһандық оқиға – “ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына да санау­лы күндер қалды. Елбасы Ұлттық жоба деп бағалаған жаһандық шараны өткізуге дайындық барысында арнайы құрылған “Астана – ЭКСПО – 2017” ҰК” акционерлік қоғамына жүктелген жауапкершілік те, атқарылған жұмыс та зор. Жақында осы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов еліміздің және шетелдердің бірқатар БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Төменде сол салиқалы әңгімені оқырмандар назарына ықшамдап ұсынып отырмыз.

“АҚЫЛДЫ ҒИМАРАТТАР”

Печать PDF

Енді санаулы күндерден кейін әлем назары Астанаға ауатын болады. Арқа төсіндегі елордамызда жаһандық айтулы шара – “ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырылған көрмесі салтанатты түрде ашылады.

ӨРІСІМІЗ КЕҢЕЮДЕ

Печать PDF
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қорытындылап, дамуымыздың жаңа белесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауымен қадам бастық. Өткенге баға бере отыра, келешекке бағыт сілтеген маңызды құжат жетістіктер биігіне салынған сара жолдай болды. Келешегін болжаған, биікті армандаған ғана өзгелерден озық тұрады. Дамыған елу елдің қатарына кірген Қазақстанның ендігі межесі – отыз озық елдің бірі болу емес пе? Биылғы Жолдау бізді соған жетелейді және жол көрсетеді.

Страница 2 из 49