Солтүстік Қазақстан газеті

ҚАЗАҚСТАН 2050

КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Печать PDF

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “100 нақты қадам” Ұлт жоспарындағы салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желілерін құру мақсатын көздейтін 43-қадамында орталық салық төлеушілердің электронды құжаттардың бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігі, жаңа тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу қарастырылған. Бүгінде мемлекеттік кірістер департаменті осы бағытта бірқатар жұмыс жүргізуде.

argaiv1259

ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТАРДЫҢ СЕНІМДІ КІЛТІ

Печать PDF

Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі Сапар Сәниевпен атқарылған жұмыстар және алдағы мақсат-міндеттер жайлы әңгімелескен едік.

– Сапар Қапарұлы, Кішкенекөл – әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан ірі ауылдық округтердің бірі. Бұл әкім аппараты құзыреті шеңберінде атқарылатын шаруалар да, шешімін табатын мәселелер де аз емес деген сөз емес пе?

ҚҰЛАШЫН КЕҢ ЖАЙҒАН КӘСІПОРЫН

Печать PDF

Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдары көптеген қиындықты еңсерді. Елдегі дағдарыс зауыттар мен фабрикалардың жұмысын тежеп, өндіріс тоқырап қалды. Бұл халық тұтынатын тауарлардың сырттан тасылып, алыпсатарлықтың табыс көзіне айналған кезі болатын. Мұндай үдеріс қазақстандық бизнес ортаның қалыптасуына септігін де тигізді. Нарықтық экономиканың талаптарын меңгеріп, заманның ағынымен жүзуді үйренген кейбір делдал компаниялар бүгінде іргелі өндіріс орнына айналды. Солардың қатарында қызылжарлық “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де бар.

ЕРТЕҢІНЕ СЕНЕТІН ЕҢСЕЛІ ЕЛ

Печать PDF

Ұлы мереке қарсаңында Ұлы Даланың жүрегі – Астанадан қуанышты хабар жетті: сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы қабылданды. Мемлекет дамуының және қалыптасуының негізгі кезеңдерін қамтитын тарихи құжатты толғанбай, тебіренбей оқу мүмкін емес. Әсіресе, оның кешегі қиындықтарды бастан кешкен, еліміздің бүгінгі толағай табыстарына куә болып отырған аға буынды ерекше бір шаттыққа бөлегеніне күмәнім жоқ.

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІ ТҰСТАРЫ КӨП

Печать PDF

 

Мемлекет басшысы “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында атап көрсеткендей, тәуелсіз сот төрелігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды бұлжытпай орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиіс. Елбасы сот залдарын аудио және бейнежазу аппаратураларымен жарақтандыруды және жазбаларды тоқтатуға немесе редакциялауға да тыйым салған болатын. Мұндай шешім судьяларды және сот мәжілісіне қатысушыларды тәртіпке шақырады, сот процесі мен қабылданған шешімнің әділдігін қамтамасыз етеді. Бұл мәселелерге Мемлекет басшысы жуырда өткен судьялардың жетінші съезінде тағы да тоқталып өтті.

Страница 10 из 49