Солтүстік Қазақстан газеті

ҚАЗАҚСТАН 2050

ТАРИХИ ҚҰЖАТ

Печать PDF

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған мақаласы қоғамдық санаға серпіліс әкеліп қана қоймай, әрбір қазақстандықтың жүрегіне сенім, бойына рух ұялатты. Өзім де аса зор ыждаһатпен оқып шықтым.

argaiv1259

ҰЛТТЫҢ ЖОЙЫЛЫП КЕТПЕУІНІҢ КЕПІЛІ

Печать PDF

Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы зиялы қауым арасында қызығушылық тудыруда. Өрке­ниет­ті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениеті­мен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға­ларымен, әлемдік мәде­ниеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сондықтан ұлтымыздың жаңғыруы бірінші кезекте рухани құндылықтардың жаңғыруына байланысты.

Тілдің өркендеуіне үлес

Печать PDF

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері латын графикасына көшу мәселесі туындап келеді. 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгінде телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ”, – деген болатын. Араға алты жыл салып Елбасы осы мәселені тағы көтерді, көтеріп қана қойған жоқ, “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесін ортаға салып, нақты уақытына дейін белгілеп берді. Бұл Елбасының 2025 жылға дейін қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге ауыстыру туралы Жолдаудағы ел алдына қойған мақсатты тапсырмасы болатын.

БАСТЫ ҚҰЖАТ — ҰЖЫМ НАЗАРЫНДА

Печать PDF

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің әр азаматының өмірінде ерекше маңызға ие. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының ұжымы да Елбасының “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты биылғы Жолдауында Үкімет, Қазақстан халқы алдына қойған келелі міндеттерін мұқият оқып, одан туындайтын басым бағыттарды айқындады. Соның ішінде қоғамды сауықтыру мақсатындағы рухани және эстетикалық құндылықтарды одан әрі дамыту, этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті негізінде өзара сыйластықты арттыру, театр қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып ел жаңғыруына үлес қосу, шығармашылық жұмыста мемлекет мүддесін жүзеге асыруды мақсат еттік.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Печать PDF

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауы – терең мазмұнды құжат. Бұл Жолдауда Елбасы Қазақстанның болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмай, оған табанды түрде қарсы тұрарлықтай қауқар танытуымыз қажеттігін атап көрсетті. Мемлекет басшысы еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңін абыроймен өтті дей келе жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің жаңа міндеттерін нақты белгіледі.

Страница 5 из 49