Солтүстік Қазақстан газеті

"Жас қыран"

Елдің көркі

Печать PDF

Халқымызда “Бір қыз тәрбиелесең, бір ұрпақты тәрбиелегенің” деген жақсы сөз бар. Мұның астарына үңілер болсақ, үлкен тәрбиенің жатқанын байқаймыз. Өйткені, қыз – болашақ ұрпақтың анасы. Сондықтан қазақ халқы қашанда әлемдегі сұлулық пен тәрбиенің көркем үлгісін ару қыздардың тал бойынан көруді көксеген.

argaiv1934

ҚУАТ КӨЗІ

Печать PDF

Өмірімізді жылу мен жарықсыз елестету қиын. Бұл екеуі, əсіресе, қала тіршілігінің негізгі қан тамырлары іспетті. Тəулік бойы көк түтіні үздіксіз будақтап, алыстан бірден көзіңе шалынатын шаһарымыздың шетіндегі мұржалар “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының №2 жылу-электр орталығына тиесілі. Өңірімізге таратылатын электр энергиясының барлығы осы кəсіпорында өндіріледі. Күндіз-түні тыным таппайтын орталықтың ішкі жұмысы кімді болса да қызықтырары сөзсіз.

КАМУФЛЯЖ КИГЕН ҚЫЗДАР

Печать PDF

1998 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде әскери кафедра жұмыс істей бастады. Содан бері 2500-ден астам түлектің қолына дипломмен қатар әскери билеттер де табысталыпты. Бастапқыда түлектер сержант атанса, бүгіндері курсанттарға “Запастағы лейтенант” шені беріледі. Кафедра басшыларының айтуынша, бүгіндері жасыл камуфляж кигісі келетіндердің қатары қалыңдай түскен. Алайда, олардың бәрі бірдей оқуға қабылдана бермейді. Өйткені, іріктеу қатаң. Мәселен, талапкердің денсаулығы мен 1-курстағы оқу үлгерімі жақсы əрі Қазақстан Республикасының азаматы болуы, күндізгі бөлімде білім алуы тиіс. Оның үстіне оқуға мемлекеттік тапсырыс бойынша жылына 90 студент қана қабылданады екен.

ЕССІЗДІҢ ЕРМЕГІ

Печать PDF

Бүгінде елімізде есірткіге тәуелді азаматтардың саны 32 мыңға жуықтаса, бұл көрсеткіш өңірімізде 700-ге жеткен. Қоғамның айықпас дертіне айналған есірткіге жасөспірімдер мен жастардың әуестігі жиі байқалады.

Отбасылық альбом ба, ұятсыздық ошағы ма?

Печать PDF

Инстаграм – ғаламторға түрлі суреттер, шағын бейнероликтер салып, пікір алмасудың құралы. Бүгінде бұл атышулы қосымшаны қолданушылардың қарасы қалың. Оның қоғам үшін пайдасы мен кері әсері қандай? Әлеуметтік желінің тұрақты қолданушысы Диана Байдалина мен интернетте жеке парақшасы жоқ Елдар Сарбасовтың арасында өрбіген пікірталасты назарларыңызға ұсынамыз.

Страница 8 из 88