Солтүстік Қазақстан газеті

Төтенше жағдайлар

Құтқарушылар көмекке әрқашан дайын

Печать PDF

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында облыстық Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған кезекті брифингте облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев құтқарушылардың қызметіне қатысты бірқатар деректерді алға тартты. Жыл он екі бойы жұрттың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін көз ілмейтін құтқарушылардың жұмысын жеңіл деп ешкім айта алмайды.

argaiv1797

ПІКІР АЛМАСТЫ

Печать PDF

Облыстың өртсөндірушілері ұлтаралық бірлік тақырыбында өткен семинарда бас қосты. Семинарға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов қатысты. “Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл біздің республикамыздың бірегей саяси жаңашылдығы. Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жай ғана құрдас емес, тұрақтылықтың, жаңғыртудың және өркендеудің іргетасы болған екі ұлы құндылық. Сенімділік, дәстүр, толеранттылық – бұл біздің көпұлтты, өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің негізіне айналған нақты ұстаным”, – деді Наиль Салимов. Жиналғандар елдегі этносаралық бірлік пен ынтымақтастықты дәріптеу туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.

АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ!

Печать PDF

Көктайғақ кезінде адамдар көшеде жиі жарақат алады. Әсіресе, көктайғақ қарт адамдар үшін қауіпті. Осы орайда, жаяу жүргіншілерге бірқатар сақтық ережесіне назар аударуға кеңес береміз. Ең алдымен тайғанамайтын, өкшесі төмен аяқкиім киіңіз. Жүрген кезде табаныңызды жерге толық басып, абайлап, асықпай қозғалыңыз. Қарт адамдар ұшы резеңкелі немесе тікенектері бар таяқ ұстағандары абзал. Құлаған кезде қолыңыздағы заттарды құтқарамын деп әуреленбеңіз. Тұруға асықпаңыз, қозғалысты қажет етпейтін жарақаттар болуы мүмкін, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраңыз.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.

ӨРТ СӨНДІРІЛДІ

Печать PDF

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Полудино ауылында екі пәтерлі тұрғын үй отқа оранды. Оқиға орнына тез жеткен Булаево қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімі өртті тез сөндірді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өртті құрықтауға жеті құтқарушы мен екі техника жұмылдырылды.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.

ЖҰҚА МҰЗ ҚАУІПТІ

Печать PDF

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қыс айларындағы ықтимал төтенше оқиғалардың алдын алу және өрт мәселелері бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Страница 10 из 103