Солтүстік Қазақстан газеті

Төтенше жағдайлар

ИЕСІЗ СӨМКЕ

Печать PDF

Сейсенбі күні кешкі сағат 18 шамасында темір жол вокзалында оқыс жағдай орын алды. Сол сәтте Петропавл станциясы желілік ішкі істер бөлімінің жедел кезекшісінен облыстық ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне ондағы залдан иесіз қалдырылған сөмке табылғаны жөнінде хабар келіп түседі. Хабар бойынша полиция қызметкерлері және арнайы қызметтегілер шұғыл түрде вокзалға жеткен. Аумақ дереу қоршауға алынып, темір жол вокзалындағы 114 адам, оған қоса, оның қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды. Абырой болғанда, әлгі иесіз қалдырылған сөмкеден сезік тудыратын ешқандай зат табылмады.

argaiv1797

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АЛҒЫС

Печать PDF

Кеше облыс орталығындағы №1 өрт сөндіру бөлімінде көктемгі су тасқыны кезінде апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өңірімізге келген құтқарушыларды өздерінің тұрақты орналасқан жерлеріне шығарып салу рәсімі өтті.

ТАСҚЫН СУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕЙ БАСТАДЫ

Печать PDF

Кезекті баспасөз мәслихатын өткізген облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев Есіл өзеніндегі судың деңгейі төмендегенін хабарлады.

Өрт қауіпсіздігі — назарда

Печать PDF

Облыстың экономикалық соты 2013-2016 жылдар аралығында 384 әлеуметтік маңызы бар нысанның жұмысын тоқтата тұру туралы қаулы шығарған.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы білім мекемелерінің жұмысын тоқтата тұру туралы азаматтық істерге талдау жасады. Белгілі болғанындай, нысандардың жұмысын тоқтата тұру туралы талап арыз бен шешім шығарудың негізгі себебі, өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы болып табылады. Оған қазандықтардың мектеп ғимаратында орналасуын, автоматтандырылған өрт дабылы жүйелерінің жоқтығын және тағы басқа да жағдайларды жатқызуға болады. Өртке қарсы талаптардың орындалмауы қаржыландырудың жоқтығынан орын алған.

2015 жылдың аяғында (25.11.2015 ж.) құқық қорғау органдарының қылмыспен күрес және құқықтық тәртіпті, заңдылықты қамтамасыз ету бойынша үйлестіру кеңесінде талқыланғаннан кейін ғана бұл мәселе назарға алынды. Облыс әкімдігі 2016 жылы 258,1 млн. теңге (2015 жылы тек 36,6 млн. теңге) қаражат бөлді және “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде сомасы 1,2 млрд. теңгеге 67 білім беру нысанында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Үстіміздегі жылы бұл мәселеге тағы да облыс әкімдігінің назары аударылды. Бүгінгі күні өртке қарсы шараларға 144,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда 213 мектеп тексерістен босатылып, кемшіліктер жойылды. Бұл облыстың барлық мектептерінің 40 пайызын құрайды. Автоматтандырылған өрт дабылы барлық білім беру мекемелерінде орнатылды. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін қалған 60 қазандықты іске қосу жоспарланып отыр.


Солтүстік Қазақстан облыстық

прокуратурасының баспасөз қызметі. 

БАРЛЫҚ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛУДА

Печать PDF

 

Үстіміздегі жылы облысымызда қар мөлшерден екі есе көп түсті. Соның машақатын тұрғындар көктемде көріп жатыр. Өңір тұрғындарын әбігерге салған тасқын судың салдарынан Қызылжар ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов хабарлады.

Страница 5 из 103