Солтүстік Қазақстан газеті

Төтенше жағдайлар

ӨРТ СӨНДІРУ ДЕСАНТЫ

Печать PDF

Жақында Петропавл қаласындағы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі “Қайсар”, “Жеңіс”, “Импульс”, “Мұрагер”, “Ровесник” атты балалар мен жасөспірімдер клубының мүшелері арасында “Өрт сөндіру десанты” атты спорттық сайыс өткізді.

argaiv1208

Құтқарушылардың күнделікті жұмыс кестесі бойынша қызметке кіріскен жас өрендер өздерін нағыз өртсөндіруші ретінде сезінетіндей барлық жұмысты атқарды. Дабыл қағылған бойда өртсөндірушінің киімін, газқағарлар киіп, жасанды түтінге толы дәлізден өтті. Жарақат алған адамды қауіпсіз жерге алып шықты.

Сынақ оңай болған жоқ. Балалар телефон арқылы өрт сөндіру командасын шақыру байқауында біраз қателіктер жіберді. Дүрбелеңде нөмірді қате теріп немесе өрт шыққан мекенжайды дұрыс айтпай, тиесілі ұпайларын жоғалтып жатты. Төрешілер жас өртсөндірушілердің еңбегін жоғары бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша “Цунами” командасы үздік атанды.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі

департаменттің мемлекеттік тіл

және ақпарат тобының жетекшісі.

ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ТӨЛЕМАҚЫЛАРЫН АЛУДА

Печать PDF

 

 

Облысымызда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмектесу, баспаналарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аппараттық кеңесте төлемақылар беруді бір апта ішінде аяқтауды тапсырды.

ЖАҚСЫ БӨГЕТ КЕРЕК

Печать PDF

Осыдан он алты жыл бұрын Қызылжар ауданының Прибрежное ауылына көшіп келгенде елді мекеннің қала жақ бетіндегі биік бөгетке көзім бірден түскен еді. Есіл жағасында орналасқан ауыл үшін бұл бөгеттің маңызы зор екен. Осы жылдар ішінде көктем келген сайын Есілдің толқындары бөгетке тіреліп, ауылдың айналасын ғана су басып қалатын. Су бөгеттің жартысына жетіп, кейін тартыла бастайды. Аз уақыт ауыл тұрғындары қала мен аудан орталығына құтқарушылардың көліктерімен қатынап жүруші еді. Ауылдың көнекөз қарияларының сонда: “Бұл тасқын емес. Нағыз су келгенде моторлы қайықтар, баржалар керек болады”, – дегенін еститінбіз.

Бейімделуге көмек

Печать PDF

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте биыл қызметке жаңадан қабылданған жас өртсөндіруші-құтқарушылар ұдайы назарда. Мекеменің тәжірибелі мамандары жас кадрларды қамқорлықтарына алып, оларға өздерінің білгендерін үйретуден жалыққан емес.

ӨРТ ПЕН СУДАН ҚАУІП МОЛ

Печать PDF

Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевтің төрағалығымен төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда өрт пен судан келетін қауіпке қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Страница 4 из 103