Солтүстік Қазақстан газеті

Білім

Дарындылар бар, шыңдай білу керек

Печать PDF

Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығында облыстық білім мекемелері басшылары мен орынбасарларының қатысуымен “Дарынды балалармен жұмыс барысындағы проблемалар, ізденіс және шешу жолдары” тақырыбында “дөңгелек үстел” өткізілді.

argaiv1208

Ұрпақ жанашыры

Печать PDF

Ұстаздық жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет етеді. Қай қоғамда болсын ұстаз беделі жас ұрпаққа берер тағылымды тәлімі арқылы биік тұрмақ. Мамлют санаторлық орта мектеп-интернатының директоры Күлбаршын Әбдірахманова – білімі мен күш-жігерін, уақытын жас ұрпақ болашағына арнаған ұстаздардың бірі.

БІЛІМДІНІҢ АЛАР АСУЫ БИІК

Печать PDF

Бұлақ орта мектебінде жетпістен астам оқушыға 25 ұстаз білім нәрін сеуіп, тәлімді тәрбие беруде. Биыл мектебіміздің ашылғанына сексен жыл толады. Оның іргесі сонау зұлматты 1937 жылы қаланыпты. Алғашқы ұстаздар Молдахмет Жаңқабаев, Қанафия Қожахметов ауылдың жатаған үйінде орналасқан мектепте балалардың, ересектердің сауатын ашқан екен. Осы жылдар ішінде мектебімізді тамамдаған жүздеген шәкірттеріміз еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүр. Үстіміздегі жылдың басында мектебіміздің педагогикалық ұжымы мен жоғары сынып оқушылары кезекті аттестаттаудан сүрінбей өтіп, білім мен тәжірибе деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.

МАҚСАТЫМЫЗ — БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ

Печать PDF

Ел болашағы білімді жастардың қолында екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Мемлекет басшысының “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Қазақстан халқына Жолдауында елімізде техникалық кадрларды, жұмысшы мамандарын даярлау жүйесін дамыту қажет екендігі атап көрсетілді. Техникалық және кәсіби білім беру инвестициялық саясаттың негізгі бағыты болуы тиіс. Сонымен қатар биылдан жаңа жоба – “Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім” бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды. Осынау ауқымды міндеттерді орындау мақсатында біздер әрқашан бәсекеге төтеп бере алатын саналы ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз.

ХХІ ҒАСЫР — БІЛІМДІ ҰРПАҚТЫҢ ЗАМАНЫ

Печать PDF

Халқымыз “Уақыт – ұшқыр” деп тектен-текке айтпаған. Шынымен де, өткен күндердің ізіне зер салсақ, біз жылдан-жылға аяңдап емес, адымдап алға басып жатқанымызға көз жеткіземіз. Осыдан он, тіпті, бес жыл бұрынғы уақытпен салыстырар болсақ, біздің еліміз ғана емес, жер жүзі адам танымастай өзгеруде. Сондықтан ұрпағымыздың адасып қалмауы үшін және баянды болашағына арналған нақты бағыт-бағдар, айқын жол керек. Бұл орайда, қазақ халқы өзінің басшысына, яғни Президентімізге арқа сүйейді. Елбасының “Егемен Қазақстан” газетінің биылғы жылғы 12 сәуір күнгі санында жарияланған “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы Қазақстан халқының ертеңгі күнгі өмірінің жоспары іс-петті.

Страница 10 из 103