Солтүстік Қазақстан газеті

Алдыңғы толқын

АРДАГЕРЛЕРДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Печать PDF

 

argaiv1087

Жуырда Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясында өңіріміздің дамуына үлес қосқан майдангерлер Қасым Жүнісов пен Сергей Пресняковке “Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы” атағын беру туралы шешім қабылданған болатын. Облыс әкімі аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов Ұлы Отан соғысына қатысқан қос майдангердің шаңырақтарына барып, оларға аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың атынан тиісті марапаттарды табыс етті. Қасым Жүнісов майданға 18 жасында аттанып, Еуропаның біраз елдерін жаудан азат етуге қатысыпты. Украина майданында, Курск иініндегі шайқаста болып, екі рет жараланған ол Жеңісті КСРО-ның Моңғолиямен шекарасындағы Даурия шағын бекетінде қарсы алыпты. Бүгінге дейін жасы 90-нан асқан қарияның ерлігі мен еңбегі бірнеше мәрте бағаланып, өңіріне 4 орден мен 22 медаль қадалыпты.

Әрдайым назарда

Печать PDF

Бүгінгі таңда облыстық ішкі істер департаментіндегі есепте 8 соғыс ардагері тұр. Тәуелсіздік күні қарсаңында олар құрмет пен қошеметке бөленді.

АРДАГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Печать PDF

Облыстық ардагерлер кеңесінде өткен жиында бір топ қадірменді қарттарымыздың кеудесіне ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медаль тағылды. Марапаттау рәсімін өткізген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, аға буын өкілдеріне еліміздің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

УАҚЫТ СЫНЫНАН СҮРІНБЕЙ ӨТТІК

Печать PDF

Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда Қазақ елі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен талай “тар жол тайғақ кешулерді” бастан өткеріп, бүгінде өзіндік бет-бейнесі және ерекшеліктері мен ұстанымы бар әлем танитын әрі мойындайтын елге айналды. Бұл күнге оңайлықпен келмегеніміз анық. Ширек ғасыр бұрын егемендігін паш етіп, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдаған Тәуелсіз мемлекетіміздің ұлық мерекесі қарсаңында халқымыздың ортақ мүдде үшін күш-жігерін біріктіріп, егемендігімізді нығайтып, әлемдік аренадағы саяси салмағымызды бағамдауға өзіндік үлес қосқан Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы полковнигі Самат Бекназаровты әңгімеге тарттық.

СЕКСЕНІНДЕ ДЕ СЕРГЕК

Печать PDF

Орта бойлы, денелі, ашаң жүзді, жылдар жүгі өз таңбасын қалдырғаны көрініп-ақ тұрғанымен, бойын тік ұстаған, әнеміне сексенге толғалы отырғаны болмаса, аяқ алысы нық осы бір абзал аға Жаңаболат Зиядаұлымен құшақ жая амандастым. Петропавл есеп-экономика техникумын, одан кейін сол кездегі Целиноград ауыл шаруашылығы институтының экономика факультетін сырттай оқып бітірген Жәкең еңбек жолын бұрынғы Чкалов ауданындағы “Севастополь” кеңшарында (қазіргі Тайынша ауданы) экономист болып бастаған.

Страница 6 из 75