Солтүстік Қазақстан газеті

Руханият

Парасат пен парыз — басты талап

Печать PDF

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында республикалық “Парасатты полицей” байқауы өтті.

argaiv1208

Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған шараның мақсаты ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады. Байқауда еліміздің әр облысының ішкі істер департаменттерінен және Ішкі істер министрлігінің үш жоғары оқу орнынан – барлығы 19 команда сайысқа түсті. Баптары мен бақтары сынға түскен тәртіп сақшыларына облыс әкімінің атынан оның бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров сәттілік тіледі.

Таңғажайып құстар

Печать PDF

Петропавл қаласындағы “Семейный” гипермаркетіндегі “Киндерлэнд” балалар ойын-сауық орталығында экзотикалық жануарлар мен құстар көрмесі өтіп жатыр. Ол жерге аяқ басқан адам құдды экзотикалық мекенге тап болғандай күй кешеді. Көпшілік назарына ұсынылған аң-құстар арасында тукан, какаду сынды Қызыл кітапқа енген құстар мен Боня есімді ақ қолды гиббон бар. Көрмеге келушілер олармен суретке түсіп қоймай, тәттілермен де қоректендіре алады.

Елордаға аттанады

Печать PDF

Астана қаласында өтіп жатқан “ЭКСПО” көрмесіне облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұлттық қолөнер бұйымдарын апарып, салт-дәстүрді паш етеді. Астау, қамшы, найза, бесік, қалқан, тағы басқа ағаштан жасалған дүниелердің барлығы көздің жауын алады. Ою-өрнекпен көмкеріліп, әсем безендірілген бұйымдарды өңірімізге белгілі қолөнер шеберлері жасаған.

Фархат МОЛДАҒАЛИЕВ: “ТЕАТР МҰРАЖАЙҒА АЙНАЛМАУЫ ТИІС”

Печать PDF

“Театр өнері – екінің біріне қонбайтын ерекше бақыт. Ол – өзгенің өмірін жаңғырту жолында жүріп, өз өміріне тауқымет тауып алатын күрделі кәсіп. Әрбір сахналық бейне – режиссердің перзенті”, – деген екен театр сыншысы, марқұм Әшірбек Сығай. Иә, өнер ұжымының жан-жақты жетілуі, дамуы, мәртебесінің үстем болуы, актерлер қабілетінің шыңдалуы режиссердің шеберлігіне, таланты мен еңбегіне тікелей байланысты. Өңіріміздің мәдени өмірінің өрістеуіне үлес қосып жүрген Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының қоюшы-режиссері Фархат Молдағалиевпен қарашаңырақтың бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстары, болашақтағы жоспарлары жайлы әңгіме өрбіткен едік.

ТЫҢ МЕГАЖОБАЛАР

Печать PDF

“Қазақстан” Республикалық телерадиокорпорациясы жаңа маусымды үлкен өзгерістерден бастамақ. Биылғы жылы жаңа маусым аясында телерадиокорпорация құрамына енетін арналар мен радионың жұмысында бірқатар өзгерістер орын алады. Ең алдымен, корпорация құрамындағы: “Қазақстан”, “Қазспорт”, “Балапан” арналары мен радиостанциялардың негізгі белгілері – логотиптері өзгертілді.

Страница 2 из 315