Солтүстік Қазақстан газеті

Руханият

БАЛА СҮЙСЕҢ, БӘЙКЕН АҒАДАЙ СҮЙ!

Печать PDF

Бәйкен Әшімұлы мен зайыбы Бақыт Әсетқызы бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Немере мен шөбере сүйді. Тұңғыштары – Нәйлюфар, ортаншысы – Оңдасын, сүт кенжесі – Роза. Үйде “айнам”, “қалқам”, “құлыным” деп өскен бұл үш бала әкелерінің есімі ел аузындағы адам болса да, еркелеп, “ұзын арқан, кең тұсау” кеткен жоқ. Тәрбиелерінен-ақ текті жерден екенін аңғартатын балалар үлгілі тәр­тіптерімен елдің алғысын алды. Бұл кез келгеннің маңдайына жазыла бермейтін бармақтай бақ болса керек. Өмірімнің біразы Мәскеуде өткенде көзбен көрген, аты ел аузында аңыз болып қалған атақты адамдардың балаларының “әкеге тартып оқ жонғанын”, “анаға тартып тон пішкенін” жиі байқамадым. Ал Бәйекең бұл жағынан бақытты еді. Ортаншысы Оңдасынның жүріс-тұрысы аумаған әкесі болса, Нәйлюфар құйып қойған Бақыт жеңгеміз еді. Бәйкен аға, әсіресе, ұл-қызынан сүйген немере-жиендерін жанындай жақсы көретін. “Бала балдан тәтті, немере жаннан тәтті” деген содан шықса керек. Есіме Бәйекеңнің немерелеріне деген шексіз сүйіспеншілігіне куә болған екі жайт түсіп отыр. Тұла бойы тұңғышы Нәйлюфар мен күйеу баласы Мараттың қызы, Бәйекеңнің жиені Лаура ана құрсағынан жүрек ақауымен дүниеге келді. Бірінші күннен бауырларына бас­қан атасы мен әжесі Лаураны ажалдан алып қалуға асықты. Жан-жақтан жанталасып дәрігер-емші іздедік. Мәскеуден осы аурудың нағыз маманы, жер жүзіне атақты академик, хирург Бураковский арнайы Алматыға келіп, баланы қарады. Ақыры атасы операцияға көнбеген соң академик: “Бала бес-алты жасқа толғанша күте тұрайық. Кейде бұл ауру жақсы күтім болса, өзінен-өзі жазылып кетуі мүмкін”, – деген болжамын айтты. Ал Бәйекеңнің бар ойы – Лаураны мектепке барғанша жазып алу еді. Мәскеуге Госпланның бастығы Николай Константинович Байбаковпен кездесуге келгендегі келелі мәселелері шешілген соң жүрегін сыздатып жүрген жан сыры – жиенінің ауруын айтты. Байбаков досының сөзін ықыласпен тыңдап, көмектесуге уәде берді. Келісім бойынша тез арада Нәйлюфар, Марат, Лаура (ол кезде 6 жаста) Мәскеуге келеді, Бәйекеңнің нөміріне орналастырдым. Джуна дәрігер бар білгенін салды, емдеді. Бір айдан кейін: “Енді Лаураны өздеріңнің Бураковскийлеріңе көрсетуге болады”, – деді маған. Мен Бәйекеңді шақырттым. Лаураны Бураковскийдің атақты институтына апардық. Академик Лаураны барлық өзінің кеңестік, америкалық соңғы аппараттарынан өткізді, екі құлағымен отырып тыңдады, жатып та, тұрып та тыңдады. Ақыры ешқандай жүректің ақауын таба алмаған академик қатты қуанып, бар даусымен (өте ірі адам еді): “Міне, Байкен Ашимович, мен кейін ана ауру өзінен-өзі жоғалады деп айттым ғой сізге! Айтқаным анық болды!” – деп ағамызды құшақтады. Әрине, Джунаның емдегенін академикке айтқан жоқпыз, үлкен хирургтің көңілін бұзғымыз келмеді… Осыдан кейін бір Жа­ратқанның бар екеніне сене бастадым. Жаратқан да адал, таза, иманы бар адам­дарға жәрдемдеседі-ау деген ой келді.

argaiv1208

ЕРЕН ІСІ ЖЫЛ ӨТСЕ ДЕ ЖАҢҒЫРЫП, ЕЛ ЖАДЫНДА САҚТАЛАДЫ МӘҢГІЛІК! ҚАЗАҚТЫҢ ДАНАГӨЙ ҰЛЫ

Печать PDF

Бәйкен Әшімұлын көзін­ің тірісін­де-ақ жұрт “Ел ағасы” атады. “Аға” деп қазақтар қарапайым тілде жасы үлкен адамды айтады. Ал егер осы сөздің бейн­елі мағын­асын­а үңілсең, он­да қан­шама мән-мазмұн­ жатқан­ын­ аңғарасың. Ағалық адамн­ың тек жас мөлшерін ған­а аңғартып қоймайды, сонымен­ бірге он­ың бойын­дағы көпті көрген дан­алықтың, көңіл-ой саралығының, айн­аласын­а жән­е ін­ілерін­е деген пейілдің кеңдігін­, елін­е жасаған дарқан қызметі мен төккен терін­ің арқасын­да берілген атақ сияқты көрін­еді маған. Ол “Отағасы”, “Ауыл ағасы”, “Ел ағасы” болып біртін­деп мағын­асын кеңейтеді. “Көп жасаған­н­ан сұрама, көпті көрген­н­ен сұра” деген­ тіркесте де дан­а халқымыздың ағалыққа жарайтын адамды іріктеу ұстанымы жатыр. Сон­дықтан аға болу, ел ағасы атану оп-оңай шаруа емес. Ол – ер еңбегін­ің екшеліп, ұзақ жылдар сараптауын­ан өтіп барып мойындалған түрі.

ЖҰЛДЫЗЫ БИІК ЖЕРЛЕСІМІЗ

Печать PDF

Қасиетті Қызылжар топырағы сайдың тасындай сайыпқырандардан, тарлан таланттардан, дүлдүл дарындардан, сарабдал мінезді азаматтардан кенде болған емес. Солардың бірі әрі бірегейі – еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, Үкімет басшысына дейін өскен, ғұмыры ғибратқа толы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімов. Қажырлы еңбегімен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан айтулы тұлғаның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздің әр түкпірінде шаралар ұйымдастырылуда. Кеше Петропавлдағы Мәдениет және демалыс саябағында қазақтың асыл перзентінің мүсіні ашылды. Осынау салтанатты жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, зиялы қауым және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Бәйкен Әшімовтің жақын туыстары мен жастар қатысты.

ҚАЙТА ОРАЛҒАН КӨНЕ ЖӘДІГЕР ескі заман зеңбірегі мұражайдан орын алатын болды

Печать PDF

Бүгіндері аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың тапсырмасы бойынша орталық Мәдениет және демалыс саябағында күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Осыған орай бей-берекетсіз салынған нысандарды басқа жаққа көшіруге шешім қабылданған. Тізімге “Даниял” дәмханасы да ілігіп, оны бұзу кезінде құрылысшылар патша зеңбірегін тауып алған. Өлкетанушылардың айтуларынша, зеңбірек бұрын осы жердегі дөң үстіне орнатылып, балалар қызықтайтын орынға айналған. Тарихы әріден басталатын көне артефакт қилы-қилы кезеңді бастан өткерген тәрізді. Өйткені, 2000 жылдары үшті-күйлі жоғалып кетіп, тұрғындар оны “қолды болдыға” жорып жүрген.

ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС

Печать PDF

Петропавл қаласындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің тәрбиеленушілері жазғы демалысты әсем табиғат аясындағы “Золотая осень” лагерінде өткізуде.

Страница 9 из 315