Солтүстік Қазақстан газеті

Руханият

САХНА САҢЛАҒЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Печать PDF

Муслим Магомаевтың туғанына жетпіс бес жыл толды. Айтулы датаға орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада слайд-концерт өтті. Шараға жиналғандар ерекше дауыс иесінің әнін тыңдап, өмір жолымен танысты. Алпыс алты жасында өмірден озған сахна саңлағы Баку қаласында, өнерпаздар әулетінде дүниеге келген. Он тоғыз жасында халықаралық конкурсқа қатысып, баритон дауысымен әлемге танылған. Опера, эстрада әндерін алыс шетелдердің белді сахналарында шырқаған. Миллиондарды мойындатқан ерекше дауыс иесінің жеке репертуарында алты жүзден астам ән болған.

argaiv1293

МАҒЖАННЫҢ МАҚАЛАСЫ

Печать PDF

Облыстық мұрағатта жинақталған құжаттарды қайта зерделеу барысында мамандар Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың өз қолымен жазылған мақаласын кезіктірді. Бұған дейін көпшілік ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты көшірме материалдармен ғана танысып келсе, бұл жаңалық келесі жылы ақиық ақынның кеңінен атап өтілетін 125 жылдығына үлкен тарту болмақ.

Шетелдіктерді тәнті еткен “Sensitive”

Печать PDF

Шілде айының 13-31 күндері аралығында Болгарияның Обзор қаласында өткен “Розы Обзора – 2017” халықаралық фестиваль-байқауында еліміздің намысын қорғаған “Sensіtive” би ансамблі Гран-при жүлдесін иеленді. Олар тек жеңімпаз ғана атанып қоймай, қазан айында Сочи қаласында өтетін халықаралық бишілер форумына шақырту алды.

ЕР ДӘУЛЕТІ — ЕҢБЕК

Печать PDF

Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында “Туған жер” этнографиялық экспедициясы ұйымдастырылды. Жұмыс барысында оның мүшелері облыс бойынша қырықтан астам тұлғамен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Сұңғыла дипломат

Печать PDF

Қазақстандық дипломатияның негізін қалаушылардың бірі Мәлік Фазыловтың туғанына 90 жыл толды. Мәлік Сабырұлы – осыдан 30 жыл бұрын Ұлы даланың ұлылығын Солтүстік Африканың мұсылман елдеріне паш еткен тұлға.

Страница 4 из 315