Солтүстік Қазақстан газеті

"Мағжан"

Жүректен шыққан лебіздер

Печать PDF

Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайда... Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін.

argaiv1962

Мұхтар ӘУЕЗОВ.

* * *

Мағжан – сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті. Маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті.

Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ.

* * *

Мағжандай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады?!

Әлихан БӨКЕЙХАНОВ.

* * *

Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі – Мағжан Жұмабаев.

Зейнолла ҚАБДОЛОВ.

* * *

Мағжан – қазақ поэзиясының жарық күні. Күн нұр шашса, кейбір “әдебиеттің жұлдызы боламыз” деп жүргендер сөніп қалады.

Ілияс ОМАРОВ.

Бүгін – Мағжан Жұмабаевтың туған күні

Печать PDF

Күншығыстан таң келеді – мен келем,

Көк күңіренед, мен де көктей күңіренем.

Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,

Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!


Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры,

Қап-қара түн. Күңіренеді түн ұлы.

Күншығыста ақ алтын бір сызық бар:

Мен келемін, мен – Пайғамбар – Күн ұлы!   

 

 Бүгін, 25  маусымда Петропавлдағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ  сазды-драма театрында ІІІ республикалық “Мағ-жан көктемі” фестивалі өтеді. 

Мағжан ЖҰМАБАЕВ БАЗАР ЖЫРАУ

Печать PDF

Мағжан Жұмабаев өзінің санқырлы дарынын өлең жазумен ғана емес, аса білімдар әдебиет зерттеушісі ретінде де танытқаны белгілі. Оның “Ақан сері”, “Әбубәкір ақсақал Диваев”, “Базар жырау” сияқты әдебиетіміздің ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы тұлғалары туралы аталған зерттеулері зор танымдық маңызымен санамызда жатталып қалады.

МЫНА ӘЛЕМДІ ҚОРҒАЙМЫН МЕН СЕН ҮШІН

Печать PDF

АНА, САҒАН ҚАНДАЙ
СЫЙЛЫҚ БЕРЕЙІН?

Қандай ғажап, шуақты күн не деген!

Нұр саулайды ағыл-тегіл төбеден.

Нұр ішінде гүлге айналған бір өзі –

Жаным, Анам, бүгін сенің мерекең!

Тұрағұл ҚҰНАНБАЕВ ӘКЕМ АБАЙ ТУРАЛЫ

Печать PDF

Абайдың сүйіп, жар етіп алған екінші әйелі Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл, өзінің естелігінде жазғанындай, Абайдың отыз екі жасында өмірге келген екен. Жастайынан Абайдың тәрбиесін көріп, өнер-білімге ерте ден қойған ол өте зейінді, алғыр болған. Әкесінің өнегесімен орыс әдебиетімен жастай танысып, соның арқасында осы тілде жатық сөйлеген, аудармашылықпен айналысқан. Әкесі туралы татымды да тиянақты естелік жазып, қалдырған. Бұл 1924 жылы Семейде Абайдың қайтыс болғанына 20 жыл толғанын атап өтуге арналған жиынға орай Мұхтар Әуезовтің өтініші бойынша жазылған естелік екенін белгілі әдебиет зерттеуші-ғалым Мекемтас Мырзахметов айғақтады. Біз биыл Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай Тұрағұлдың аталмыш естелігінен үзінді жариялауды жөн көрдік.

Страница 10 из 44