Солтүстік Қазақстан газеті

"Мағжан"

КӘМИССИЯ КЕЛДІ

Печать PDF

Қағаздарды кеңселік,

argaiv1087

Кәмиссия тексеріп.

Қонақасын ішті де

Шықты бәрі теңселіп.

Қойдың басын жегесін,

Айту керек неге сын?

“Ойдағыдай бәрі” – деп

Берді баға, кеңесін.

Түсінген жанға досым-ай,

Бүгін тәртіп осылай.

Кәмиссия дегенді

Қарсы алайық шошымай.

Қойшыбай ШӘНИЕВ.

“ДӘСТҮР” ДЕГЕН БІР СЫЛТАУ...

Печать PDF

Қазақ деген өте дархан халықпыз,

Той жасаймыз несие де алып біз.

Барымызды қонақтарға ұсынып

Дорба-дорба жол жасаймыз салып біз.

ЕРЕЖЕСІЗ ШАЙҚАС (ӘҢГІМЕ)

Печать PDF

Ол жұмыстан оралысымен, жасаулы тұрған тамағына да қарамастан, жастыққа әдеттегіден ерте бас қойған. Көзі жұмылып, кірпіктері айқасқаны сол сияқты еді, шошып оянды. Өңі ме, түсі ме, ештеңе түсіне алар емес. Айналасы қара түнек. Жылт еткен сәуле жоқ. Қуыс па, құдық па, әйтеуір, есік-терезесі жоқ бірдеңе. Жападан жалғыз! Жан дәрмен маңайын тырмалап, жарық дүниеге шыққысы келді. Тынысы тарылып, тұншыға бастады. Кенет аяғының астындағы сәкі, жоқ, сыз балшық опырылып, бұл түпсіз терең тұңғиыққа қарай құлдилай жөнелді... Өзінің әлгі екі ортада түс көргенін әзер түсінді. Қан сорпа болып терлеп жатыр екен. «Уһ!» – деп маңдайының терін сүртті. Әлгі сұмдықтың бәрі түс болып шыққанына мұндай қуанбас. Бірақ содан кейін көз ілген жоқ, таң бозарып атқанша дөңбекшумен болды, әбден сілікпесі шығып қалжырады.

ЖЫР ДҮЛДҮЛІ ОРЫНБАЙДЫҢ СОҢҒЫ АЙТЫСЫ

Печать PDF

Орынбай Бертағыұлы (1813-1891) Айыртау ауданындағы Дәуқара ауылы маңында дүниеге келіп, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласының төңірегінде жерленген.

Айтыстың асқан жүйрігі Шөже, Арыстанбай, Кемпірбай, Жанақ, Түбек сынды саңлақтармен сөзсайыстарда шашасына шаң жұқтырмаған.

Ақын қартайған тұста бәйбішесі өмірден озып, жаны күйзелген екен. Осындай шақта «Айтысты қойсам қайтеді...» деп жүреді. Алайда, бір астың үстінде көпшілік, әсіресе, байманаптар қолқалаған соң өзінен әлдеқайда жас, бірақ шалымды Өтеулі деген ақынмен айтысады.

Деген екен ...

Печать PDF

(Басы өткен сандарда).

1987 жылы анасы Бәтима қатты ауырып, Баянғали амалсыз Алматыдан ауылға көшетiн болыпты. Анасына қарау керек, ертең бiр жағдай болып кетсе, жалғыз қалған әкенiң халi не болмақ? Астанадан аттанарда барлық ақын, жазушы ағалары, жолдастары жылы сөздерiн айтып, қимай-қимай шығарып салыпты. Өзi қызмет iстейтiн “Жұлдыз” журналының ұжымы жақсы тiлектерiн бiлдiрiп, естелiк сыйлапты. Жолдастарының атынан Серiк Тұрғынбеков өлең жазыпты.

Страница 6 из 44