Солтүстік Қазақстан газеті

Денсаулық

Денені кеспей ота жасады

Печать PDF

Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық “Жоғары технология күндері” акциясы өңірлерде әлі жалғасуда. Бұл жолы Алматы қаласындағы А.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының дәрігерлері теріскейлік әріптестеріне күрделі ота жасаудың қыр-сырын үйретті.

argaiv1797

– Соңғы кездері облыстарда жоғары технологияларды енгізу жағы жақсарып келеді. Сіздердің облыстарыңызда да жақсы жолға қойылған. Құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, дәрігерлердің біліктілік деңгейі артты. Ота жасаудағы жаңа әдістерді көрсетеміз. Кейін жергілікті жердегілер өздері жасайтын болады, – дейді орталық директоры Болатбек Баймаханов.

Білікті мамандар шеберлік сыныптарын өткізіп, бауырға ота жасады. Бұл отаның ерекшелігі – дәрігер инновациялық тәсілді пайдаланады. Нәтижесінде тілік орнында тыртық қалмайды.

Облыстық аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мереке Нығметжановтың айтуынша, бауырдың оң жақ бөлігін кесіп алу отасы біздің облыста бұған дейін жасалмаған. Жергілікті хирургтер әріптестерінің көмегімен өт жолдарындағы тастарды адам денесін кеспей-ақ алуды үйренді.

Сондай-ақ, оңтүстік астанадан келген мамандар 30-дан астам науқасты қарап, соның 3-еуін Алматыдағы орталыққа емдеуге жөнелтті.

Айгүл ХАМЗИНА,

“Солтүстік Қазақстан”.




СПОРТШЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН КІМ ОЙЛАЙДЫ?

Печать PDF

Баршамызға мәлім, облысымызда саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде бұл бағытта атқарылған іс аз емес. Өңірде спорттық сауықтыру кешендері, шағын футбол және хоккей корттары пайдалануға беріліп, спорт клубтары мен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің қызметтерін жаңаша ұйымдастыру жағы қарастырылуда. Дегенмен, бұл салада да “әттегенайлар” жетерлік.

ҚАУІПТІ ҚҰРТТАН САҚТАНЫҢЫЗ

Печать PDF

Облыс аумағында соңғы жылдары описторхоз сырқатына шалдыққандар тіркелуде (2014 жылы – 18; 2015 жылы – 29; 2016 жылы – 19 жағдай). Аурудың себебі – көрші елден әкелінген балық.

Иммундау апталығы басталды

Печать PDF

Үстіміздегі жылдың 24-30 сәуірі аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша “Вакцина әсер етеді” ұранымен иммундау апталығы өткізіледі. Бұл шара біздің өңірімізде де бастау алды.

ЕҢБЕК ЕРІНІҢ ШИПАЛЫ ҚОЛЫ

Печать PDF

“Жоғары технологиялар күні” республикалық акциясы аясында Еңбек Ері, Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақов бастаған делегация облыстық ауруханада жергілікті дәрігерлермен кездесті. Жүздесу барысында денсаулық сақтау саласын дамытудағы өзекті мәселелер талқыланды.

Страница 8 из 77