Солтүстік Қазақстан газеті

Денсаулық

ТИІМДІ ЖҮЙЕ

Печать PDF

Медициналық сақтандыру халықтың денсаулығын қорғаудың негізі болып табылады. Дамыған елдердің көпшілігі оны денсаулық сақтау саласында қолданып, нәтижесін көріп отыр.

argaiv1208

 

Бүгінгі таңда басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам сирек. Сондықтан да денсаулыққа қатысты мәселелерді алдын ала ойластыру қашанда оң нәтиже бермек. Әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты, дегенмен, мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа көптеген жағдайларды, ұтымды және жақсы мүмкіндіктерді жасап отыр. Ендігі жерде бұл іске мемлекетпен бірге жұмыс беруші де белсенді араласпақ. Денсаулық сақтаудың жаңа тиімді жүйесін құру қажеттілігі – әбден пісіп жетілген мәселе. Әлеуметтік медициналық сақтандырудың барлық жүйесінің негізгі принципі – мемлекет, жұмыс беруші және азаматтар арасындағы ынтымақтастық. Қазір біздің еліміздің барлық салаларында халықаралық стандарттар енгізілуде. Біз халықаралық қаржылық есептіліктен бастадық, содан кейін ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) стандарттарын енгізуді қолға алдық. Бұл ұйымға мүше көптеген елдерде медициналық сақтандыру дамыған, болашақта жаппай қамту көзделуде.

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ — ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ

Печать PDF

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіру жұмыстары одан әрі жалғасуда. Десек те, тұрғындар тарапынан сұрақтар көп түсуде. Жаңа жүйе туралы жан-жақты білгісі келетіндер аз емес. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Владимир Безлер көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.

Тасымал қауіпсіздігі

Печать PDF

Оқушылардың жазғы демалысына байланысты және Астана қаласында өтетін “ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде балаларға арнайы экскурсия ұйымдастыру жоспарланған.

ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫ — ЖАҚСЫ МҮМКІНДІКТЕР

Печать PDF

 

Медицина саласын заманауи жабдықтармен, инновациялық технологиямен қамту үшін облыстық бюджеттен 179 миллион теңге қаражат бөлініп, облыстық кардиологиялық орталыққа электро-физиологиялық станция қондырғысы алынған еді. Америкада шығарылған қондырғы жүрек-қан тамырлары ауруын және жүрек соғысындағы ауытқушылықты анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш аппараттың көмегімен Астана және Прагадан келген мамандар жергілікті дәрігерлермен бірлесіп үш науқасқа ота жасады.

АЛДЫН АЛҒАН ӨКІНБЕЙДІ

Печать PDF

Дүниежүзілік артериалдық гипертония ауруымен күрес күніне орай Солтүстік Қазақстан облысы бойынша саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары емханаларда, ірі сауда орындарында, “Сердечная” және “Биосфера” дәріханаларында “Өз қан қысымыңды біл” акциясын өткізді.

Страница 7 из 77