Солтүстік Қазақстан газеті

Денсаулық

Сақтандырылғанға — сапалы қызмет

Печать PDF

2017 жылдың 1 шілдесінен міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына төлемдерді қабылдау басталады.

argaiv1208

ӨРМЕКШІНІҢ ТОРЫ

Печать PDF

  Қоғамымызда кең тараған жеңіл ақша табудың көзі – желілік маркетинг. Адам психологиясына зор ықпалы бар түрлі тәсілдер мен айлалардың әсерінен барын сатып немесе қарызға батып, банктен несие алып, кейін жер сипап қалғандар аз емес. Керісінше, желілік маркетинг арқылы өз армандарын іске асырып, үлкен жетістіктерге жетіп, ақшаны күреп тауып жүргендер де бар көрінеді. Мұны қалай түсінеміз? Жалпы, желілік маркетинг арқылы баюға бола ма?

АНТЫНА АДАЛ МӘЛІК

Печать PDF

“Еңбек – адамның көркі, адам – заманының көркі” дегендей, денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп, емделушілердің ықыласы мен алғысына бөленіп жүрген дәрігерлер аз емес. Солардың бірі – облыстық онкологиялық диспансердің хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мәлік Сексенбаев.

АУРУ ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ

Печать PDF

Туберкулез – жұқпалы ауру. Ең жиі кездесетін түрі – өкпе туберкулезі. Көп жағдайда сырқат белгісі науқас адамға білінбей басталады да, тек қана манту қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде немесе флюорографиялық тексерістен өткенде табылады. Біздің халықта егде тартқан адамдарға туберкулез жұқпайды деген ұғым бар. Бұл дұрыс емес. Туберкулез жас талғамайды және әр жастағы адам ауырады, адам ағзасының әртүрлі органдарын зақымдайды. Ол адам ағзасына туберкулез микобактерияларының кіруінен дамиды. Одан көбіне өкпе, ал кейбір жағдайларда бүйрек, сүйектер, ми және оның қабыршықтары, ішектер мен жыныс мүшелері және басқа органдар зақымданады. Бірақ туберкулездің жайылуы тыныс алу мүшелерінде жиі болады. Біздің облыста ауырғандардың 96,1 пайызы тыныс алу органдарының туберкулезін жұқтырған.

Тік жүріп, түзу отыр

Печать PDF

Бала кезімізде, әсіресе, мектепте оқып жүргенде, “бүкірейме”, “түзу отыр”, “тік жүр”, “түзу жат”, “түзу тұр”, “ауыр көтерме, белің қисаяды” деген сөздерді ұстаздарымыз мен ата-анамыздан жиі еститінбіз. Бірақ бала көңіл ол сөздің түпкі астарына бойлай бермейтін. Кейіннен ойланып қарасақ, мұның астарында бала денсаулығы, бүкіл елдің болашағы жатыр екен. Осы ретте халық “Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың”, деп бекер айтпапты. Барлық омыртқа бір-бірімен шеміршектер, бұлшық еттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы тұлғаны алға, артқа, оң мен солға қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді. Омыртқа жотасы адамның тік жүруіне байланысты қалыптасады.

Страница 6 из 77