Қазіргідей алмағайып заманда адамдардың бір-біріне жақсылық жасай білуі құптарлық іс. Әсіресе, денсаулық сақтау саласында сырқат жандарға донор болу – адам өміріне араша түсудің бір жолы. Облысымызда жиырма құрметті донор бар. Биыл дүниежүзілік донор күні “Үздік донор” атағына ие болған, айналасындағыларға үнемі қол ұшын беруге асық жандардың бірі – Руслан Мәмбетовпен сұхбаттасқан едік.
Денсаулық
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТУ ҚАЖЕТ
Облыстық әкімдікте өткен кезекті аппараттық кеңесте “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және Астана күнін мерекелеуге дайындық барысы пысықталды.
ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
1 шілдеден бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Осыған байланысты жоспарлы медициналық көмек тек сақтандыру қорына жарна аударған азаматтарға ғана көрсетілетін болады. Сондықтан жаңа жүйе жағдайында әрбір азаматтың мәртебесін айқындау аса маңызды.
ЖАҚСЫ СӨЗ ДЕ — ШИПА
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өткен салтанатты жиында адал еңбегімен елге танылып, өз мамандығының шебері атанған бір топ ақхалатты абзал жан қошеметке бөленді. №3 қалалық аурухананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі Зәуреш Рахимберлина да үздіктер қатарынан көрініп, “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісінің иегері атанды.
АДАМҒА ӨМІР СЫЙЛА!
Облыстық қан орталығына халық әдеттегіден көп жиналды. Дүниежүзілік донор күніне орай орталықтың директоры Сабыржан Тәукелов өте ұқыпты, қажет болған жағдайда әрқашан қан беруге дайын тұратын үздік донорлар Ю.Наумочкин, Р.Хамзин, Р. Мамбетов, В.Садвакасов, В.Пресняков, А.Бабин, В.Щепёткин, И.Хлебникова, А.Колмаковты Алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар тапсырды. Ол отандастарымыздың өмірін сақтап, ұзақ жылдар бойы үнемі қан беріп келе жатқан донорларға алғысын білдірді.
Тағы мақалалар...
Страница 5 из 77