Солтүстік Қазақстан газеті

Денсаулық

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ жүйесін іске асыруға қолдау көрсетуші ақпараттық технологиялар

Печать PDF

2017 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы” ШЖҚ РМК мен басқа мемлекеттік органдардың бірлескен күшімен денсаулықты қорғау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғайтын мемлекеттік жүйе – МӘМС жүйесінің бірінші кезеңі “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар” 27-бабына сәйкес іске қосылды. МӘМС Қазақстан Республикасының аумағында тұратын барлық азаматтарды қамтуы тиіс.

argaiv1087

“Денсаулық жолы”

Печать PDF

Мағжан Жұмабаев ауданында “Денсаулық жолы” атты кең ауқымды акция өтті. Шара барысында қан қысымын өлшеткен елуден астам адамның жартысына жуығының сырқат екені анықталды. Соның үшеуі ғана учаскелік терапевтің диспансерлік есебіне тіркелген. Сондықтан тексеруден өткен адамдарға аурудың алғашқы белгілері, оның алдын алу шаралары, әлеуметтік маңызы бар сырқаттар жайлы кеңестер берілді.

ИННОВАЦИЯҒА НЕГІЗДЕЛГЕН МЕДИЦИНА

Печать PDF

Еліміздің денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой “Радуга” серіктестігінің ұжымымен кездесіп, елімізде медицина саласын реформалауға байланысты қолға алынып жатқан шаралар жайлы айтып берді.

Жасанды сұлулық Артық қыламын деп, тыртық қылмаңыз

Печать PDF

Жақында “Қазақфильм” киностудиясы “Тұмар ханым” тарихи туындысына кастинг жариялаған болатын. Ұйымдастырушылар киноға түскісі келетін қыздарға ерекше талап қойған. Кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулерін сұрап, татуажы барлар қабылданбайтындығын ашық айтты. Киностудия талантты жастарды іздеп, еліміздің барлық қалаларын аралап, біздің өңірімізге де келіп кетті. Өкініштісі, кино түсірушілер татуажы жоқ қыздарды таба алмай әлекке түскен. Сонда елімізде “қазақтың аруын” сомдар жасандылықтан ада, табиғи сұлу қыздың болмағаны ма? Ақын-жазушыларымыз туындыларына арқау етіп, небір көркем сөздермен әспеттеген сұлулықтан да айырылғанбыз ба?

ҚАТЕРЛІ АУРУЛАР АЗАЙДЫ

Печать PDF

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет сапасын жақсартуға, бөлінген қаржыны тиімді пайдалануға, медициналық құрал-жабдықтардың уақтылы жаңартылуына, емханалардағы кезектің азаюына жаңашылдықтар қол жеткізеді. Осы және денсаулық сақтау сапасын жақсарту мақсатында облыста атқарылып жатқан басқа да шаралар Орталық коммуникациялар қызметінің филиалында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатына арқау болды.

Страница 3 из 77