Солтүстік Қазақстан газеті

"Тағылым"

МЕЙІРІМ мен СҮЙІСПЕНШІЛІК – тәрбие берудің негізгі мәйегі

Печать PDF
Психология ғылымында дәлелденген, балалар үшін орны ерекше осы бір әрекетке тоқталып өтейік.
Әуелі баланы тыңдай білу керек. Әр нәрсені дұрыс түсінуге баланың ақылы жете бермейді. Сол себепті баланың не ойлап тұрғанын білу қажет. Біз көбіне баланы қателікке ұрындырған себепті іздеп, оған ұрса жөнелеміз. Балалар балалықпен қателік жасайды. Оны қателігі үшін ұрсып, жазалаймыз. Балалар өзін не үшін жазалап жатқанын да түсінбеуі мүмкін. Онда “әке-шешем мені жақсы көрмейді” деген ой қалыптасуы ғажап емес. Сондықтан баланың ішкі жан дүниесін сезінбестен, онымен сыр-ласпастан, оның ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс еместігін түсіндірместен, оған ұрсып, жазалау дұрыс емес. Бұның орнына балаңызбен дос, сырлас болыңыз. Қатыгездікпен ешқашан адамды адам ете алмайсыз. Қатыгездік баланы ашындырады, өшпенділік тудырады.

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІНІҢ жас ұрпаққа берері мол

Печать PDF

Еңбек – бар қиындықты жеңбек. Әлемнің әміршісі де еңбек. Ендеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламалық мақаласы да сол адал еңбек ету арқасында сапалы да салиқалы ғұмыр кешуге үндейді. Осы орайда білім беру саласында адал еңбек еткен Ерубаевтар әулетіне тоқталғанды жөн көрдік. 

argaiv1977

Қайырбек Ерубаев 1935 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Арықбалық ауданына қарасты Әлжан ауылында дүниеге келген. Ол 6 жасында ата-анасынан айрылып, жетімдіктің уытын татып өседі. Қаршадайынан өмірдің ащы-тұщысын көрген Қайырбек Жұмабайұлы біраз жыл туған әпкесі Теміртастың қолында тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында жастығына қарамай, ауылдағы еңбек майданына араласады. Сол кездегі барлық балалармен қатар ұжымшарда масақ теріп, өгізбен жер жырту жұмыстарына қатысады. Еңбек ете жүріп мектепте білім алады. Жастайынан еңбекке араласып өскен бала ержете келе өзінің алғырлығымен, пысықтығымен көзге түседі. Ол Көкшетау қаласындағы мұғалімдер училищесін 1953 жылы тамамдайды. Бұ-рынғы Рузаевка ауданында алғашқы мұғалімдік қызметін бастаған жас жігіт кейін Сталин (қазіргі Әлжан орта мектебі) атындағы мектепте география пәнінен сабақ береді.
Еңбек ете жүріп, 1969 жылы Қарағанды мемлекеттік педагогика институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шығады. Әлжан орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады.
Бар өмірін бала тәрбиесіне арнаған Қайырбек Ерубаев білім беру саласында 42 жыл ұстаздық қызмет атқарған. Көп жылғы қажырлы еңбегінің арқасында 1979 жылы Қайырбек Жұмабайұлы “Халық ағарту ісінің озық қызметкері” төсбелгісімен марапатталған. Бұған қоса бірнеше Құрмет грамоталарының иегері. Жастайынан өлең-жырға жаны құмар Қайырбек Ерубаев өнерден де құр алақан болмаған. Оның жазған мақалалары мен өлеңдері отбасында естелік ретінде сақтаулы. Зайыбы Мапруза екеуі 9 бала өсіріп, барлығына тәлім-тәрбие берген. Ерлі-зайыпты Ерубаевтар 25 немере мен 4 шөбере сүю бақытына бөленген. Білім беру саласының майталманы Қайырбек Ерубаевтың ұстаздық жолын бүгінде ұрпағы жалғастыруда.
Ақбаян Қайырбекқызы – Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданына қарасты Қызылұйым ауылында мектеп директоры, Ақерке Қайырбекқызы көп жылдар Әлжан орта мектебінде жұмыс істейді. Ол екеуі де қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ береді. Ұлдары – Нұрлан мен Руслан да әке жолын қуып ұстаздықты таңдаған. Аталарының ұстаздық жолын қазіргі кезде немерелері де жалғастыруда. Немересі Ләззат 2004 жылы Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы университетті үздік аяқтап, аталған білім ошағында сабақ беріп жүрсе, Гүлзат – Көкшетау өнер колледжінде мұғалім. Келіні Ақлима мен Төлеубике де ұстаздар әулетінің тізімінде. Ерубаевтардың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұстаздық жалпы еңбек өтілдері 155 жылды құрайды. Бұл көрсеткішті жылдар өте келе шөберелері де әрі қарай жалғастырары сөзсіз.
Бүгінгі таңда ұстазға жүктелетін міндет өте зор. Сол міндетті өз ісіне шын берілген адам ғана абыроймен атқарып шықпақ. Ұлттық құндылықтарымызды бала бойына сіңіріп, ұрпақ тәрбиесі жолында талмай еңбек етіп келе жатқан Ерубаевтардың отбасылық ұстаздар әулетінің білім беру саласына қосар үлесі әлі де зор болмақ.
Бағлан ҚОЖАҚОВ,
журналист.
Айыртау ауданы.

ЕҢБЕКСҮЙГІШ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Печать PDF

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында, мінберлерден сөйлеген сөздерінде жастармен жұмыс мәселелеріне, олардың болашағына, өмірге дайындығына баса назар аударады. “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламалық мақаласында Президентіміз: “Басты бағыт – жас қазақстандықтарды дербес өмірге, бастамашыл еңбекке бейім-деудің тиімді жүйесін құру”,

Бүгінгі қоғам мен экономика жастарға да, жалпы білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойып отыр. Атап айтқанда, таңдаған мамандығың еңбек нарығында сұранысқа ие, мемлекет пен қоғамға қажет болуы керек. Жастар мен мектеп түлектері мамандықты уақыт талабына қарай таңдайды, өйткені нарық заманында болашақ мамандықтың әмбебап болғаны тиімді. Бұл қажет болған жағдайда бір мамандықтан екіншісіне қиналмай-ақ ауысуға мүмкіндік береді.
Біздің облыста кадрларды М.Қозыбаев атындағы Сол-түстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 9 колледж және 17 кәсіптік лицей даярлайды. Олардың нарық сұранысына сай мамандарды даярлауға лайық жаңартылған материалдық-техникалық базасы бар.
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелер түлектерінің одан әрі жұмыспен қамтамасыз етілуі департамент қызметкерлерінің жіті бақылауында. Үстіміздегі жылы ғана осы мекемелерден 133 бала қанат қақты. 11-сынып бітірген 15-інің төртеуі жоғары оқу орындарына, 11-і колледждерге түсті. 9-сынып бітіргендердің 90-ы кәсіби лицейлерде білімдерін жалғастыруда. Қалғандары 10-сыныпқа барып жүр.
Балаларға кәсіптік бағдар беруді жүйелі түрде жүргізу мақсатында департамент қызметкерлері жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және “Жас Отан” жастар қанаты өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Олармен жасалған келісімге сәйкес “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасының, “Дипломмен – ауылға!” жобасының мақсаттары мен міндеттері түсіндіріліп, кәсіптік бағдар бойынша шаралар өткізіледі. Үстіміздегі жылы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің түлектері мен М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі және медициналық колледжін бітірушілердің кездесуін өткіздік.
Бүгінгі күні осы колледждердің түлектері облысымыздың түрлі салаларында табысты еңбек етіп жүр. Олардың арасында педагогтер, банк құрылымы мамандары, заңгерлер, кәсіпкерлер, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, бұқаралық ақпарат құралдары мен медицина қызметкерлері бар.
Жастардың ұйымдастырушылық, еңбекқорлық және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруда “Жас Отан” ЖҚ ҚБ, “СҚО белсенді жастары” ҚБ, “СҚО жастар ұйымдарының одағы” ҚБ, “Эмпириялық әлеуметтік технологиялар орталығы” ҚБ сияқты үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс істейді. Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс тәжірибесі осындай ықпалдастықтың бірлескен әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға жастардың нақты қатысуы мүмкін және тиімді екенін көрсетті. Олармен белсенді қарым-қатынас қазіргі заманда өзекті болып отырған адамгершілік бағдарлар мен рухани тәрбие мәселелерін өскелең ұрпақ бойына сіңіруде зор маңызға ие. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастардың алдына қойып отырған міндеттері үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе өткізілген шаралар барысында жүзеге асырылып, балалардың қоғам өміріне белсене араласуына, жұмыс тәжірибесін жинақтауға, олардың өз-өзіне сенімін және әлеуметтік пайдалы еңбекке ынтасын арттыруға мүмкіндік туғызады.
Ғалия БАЛТАБАЕВА,
облыстық балалар құқығын қорғау
жөніндегі департамент
директорының орынбасары.

 

Страница 104 из 104